«Ақын тілі» дегенді әдеби тіл, «әншейін тіл» дегенді ауызекі сөйлеу тілі деп түсінейік десек, екеуін де «Шығарма тілі» деп атаған Ахаң. Сонда қалай?! Біріншісі – поэзия, екіншісі проза болғаны ма?! Онда прозаны (көркем қара сөзді) «әншейін тіл» деуге бола ма?!
Проза – қазақ әдебиетінде кешеңдеу туған, бірақ орасан шапшаң дамыған сала.
З. Қабдолов А. Байтұрсынұлының айтқан пайымдауын негізге ала отырып, прозаның көркем әдебиеттегі стиліне жағынан көркем, әншейін қара сөзге жатпайтын сөз өнерінің саласы ретінде көрсетеді. Кестенің оң жағында жазылған мәліметтен бөлген, зерттеуші көркем тіл деп атаған прозаны талдаудағы тақырып, идея, мазмұн, пішін сынды терминдерді де зерттеген.
Т. Ақшолақов
«Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту» еңбегіндегі прозалық шығармаларға талдау жасаудың 4 түрлі әдісі:
Образ бойынша талдау
Тақырыптық талдау
Проблемалық талдау
Тұтас талдау
Зерттеушінің көрсетіп өткен 4 әдісі де қазіргі әдебиеттану ғылымында кеңінен таралған. Прозалық шығармаларды талдау аталған әдістердің барлығы қолданылады, барлығы тұтас қамтылғанда ғана прозалық шығарманы жеткілікті түрде талдап, саралай аламыз.
Қ. Бітібаева
Прозалық шығармаларды талдаудың негізгі тәсілдері, бағыттары:
Көркем туындыдағы жазушы ойы, идеясына көз жүгірту
Көркем туынды композициясын талдау тәсілдері: кейіпкерлердің іс-әрекеттерін салыстыру, негізгі оқиғаларды сұрыптау.
Жазушы стиліне талдау жасау
Көркем туындыны оның негізінде жатқан тарихи шындықтармен салыстыра талдау
Қ. Бітібаева - қазақ әдебиеті әдістемесіндегі ойып тұрып орын алар тұлға. Ол М. Әуезовтің прозалық шығармаларын негізге ала отырып, оны талдатудың әдістерін көрсетіп өтті. Қ.Бітібаеваның көрсетіп өткен 4 талдау бағыты прозалық шығармалардағы тақырып, идея, сюжет пен композиция, образды тұтастай қамтуға мүмкіндік береді.
Мысалы, «Абай жолындағы» сюжет пен кейіпкер іс-әрекетін талдау әдісіне мысал:
Қажым Жұмалиев
Шығармадағы оқиға байланысы, дамуы, дәлелденуі, шарықтау шегі, шешуі, қысқаша айтқанда, құрылысы, адам образы, олардың жасалу жолдары – бәрі шығармадағы негізгі идеяны оқушыларға жеткізу үшін керек екендігі сөзсіз. Әйтсе де щығарманың идеясын ашу үшін осылардың ішінде шешуші орын алатыны адам образы. Көркем әңгіме не поэма, не роман оқысақ та алуан сюжетке құрылады. Шығармаларды талдағанда бұл жайттарға біз айрықша көңіл аударуымыз керек.
Ғалымның теориялық еңбегінде ол идеяны арқау ете отырып, сюжетті прозалық шығарманың өн бойын қамтитын негізгі бейнесі ретінде қарастырды. Сол себепті талдау жасағанда да басты назарды сюжетке аударуға кеңес береді. Сәйкесінше, біз қазір прозалық шығармаларды талдағанда оның тақырыбы мен идеясын, оны байланыстыра отырып, сюжетін анықтаймыз.