Псхикалық дамуы тежелген балаларды оқытудың арнайы жағдайы Псхикалық дамуы тежелген балаларды оқытудың негізгі міндеті оларды негізгі орта білім алуға қабілетті арнайы жағдаймен қамтамасыз ету болып табылады.
Псхикалық дамуының тежелу деңгейіне және жеке ерекшеліктеріне байланысты осы балаларды мектепте оқыту түрліше ұйымдастырылуы мүмкін. Конституционалды, психогенді, соматогенді шығу тегіндегі псхикалық дамуы тежелген балалар оларға осы санаттағы балаларды оқытудың әдісімен және психикалық даму ерекшеліктерімен таныс бастауыш сынып мұғалімдерінің жеке тәсілдері және мамандардың (логопед, психолог, арнайы педагог, дәрігер) психологиялық-педагогикалық қолдауы жағдайында жалпы білім беретін мектептің жай сыныптарында оқуы мүмкін болады. Псхикалық даму тежелісі көрсетілген (церебралды-органикалық шығу тегіндегі) балалар (арнайы сыныпта) саралап оқыту жағдайына мұқтаж болады. Мінез-құлқында күрделі бұзылысы және психопатиялық реакциясы бар балалар үшін үйде оқыту ұйымдастырылуы мүмкін. Арнайы сынып жағдайындағы псхикалық дамуы тежелген балаларға мектептік білім беру ұзақтығы:
-бастауыш білім беру деңгейі– 0 (дайындық), 1-4- сыныптар;
-негізгі орта білім беру деңгейі– 5-10-сыныптар.
Псхикалық дамуы тежелген білім алушылар үшін арнайы сыныптың оқу күн тәртібі балалардың шаршағыштығының жоғарылығы ескеріле отырып: бірінші аусымда оқыту ұзартылған күн режімінде жасалады. Оқыту мерзімінің артуы балалардың психикалық даму қарқынының бәсеңдігіне, оқу әрекетін қалыптастырудағы және оқу бағдарламасы мазмұнын меңгерудегі қиыншылықтарға, түзету-дамытушылық іс шаралар жүргізудің қажеттілігіне байланысты.
Оқытудың бастауыш деңгейінде – 0, 1-сыныптар және ерекшелік ретінде
2-сыныптарда арнайы сыныптар ашудың мәні бар. Оқушыларды оқытуда қиыншылықтардың пайда болу себептерін дер кезінде анықтау және оларды оқыту мен тәрбиелеудің барабар жағдайымен қамтамасыз ету маңызды. Мектептік оқытудың кері тәжірибесі, псхикалық дамуы тежелген оқушылардың мектептік сәтсіз жағдайларда ұзақ уақыт болуы оны мектепке бейімсізденуге алып келеді, тіпті эмоционалды ортаның қалыптасуына кері әсерін тигізеді, тұрақты үлгермеушілік пен мінез-құлқының бұзылуын өршітеді. Оқу әрекетін қалыптандыруда және оқытудағы қиыншылықтарды жеңуде оқушыларды ПМПК қорытындысы бойынша оқытудың кез келген кезеңінде жаппай түрдегі жалпы білім беретін сыныптарға кіріктіру қарастырылады. Сонымен қатар, психикалық даму тежеліс түрі көрсетілген жағдайда негізгі орта білім беру деңгейінде арнайы сынып жағдайында білім беруді жалғастыру мүмкіндігі бар. Неігізгі мектептердің арнайы сынып түлектері ТжКБ мекемелерінде оқуын жалғастыра алады.