Емдеу-сауықтыру жұмысының негізгі міндеті: - баланың физикалық және психоневрологиялық денсаулығын нығайту,
Емдік дене шынықтаруды ұйымдастыру;
- мектепте, сыныпта қолайлы емдеу-сауықтыру тәртібін құру,
жекелеген жағдайда оқушыға тиісті жүктеме нормасын қатаң сақтау;
- санитарлы-гигиеналық норманы және тәртіпті және рационалды
тамақтану тәртібін сақтау;
- гипербелсенді оқушылармен және психикасы бұзылған оқушылармен психологиялық түзету жұмысын іске асыру болып табылады.
Психикалық дамуы тежелген оқушыларды оқыту міндеттерінің бірі – отбасылық психотерапия және оқушының ата-анамен, мұғаліммен, құрдастарымен тең қарым-қатынасын қалыптастыру арқылы мінез-құлықтың бейәлеуметтік түрінің алдын алу. Мектепте мінез-құлқы бұзылысының әлеуметтік алдын алу бойынша жұмыстар, жоспарлануы және іске асуы қажет, сонымен қатар, кәсіптік-еңбектік дайындық арқылы балаларды қоғамға кіріктіру жүзеге асуда. Әлеуметтік-еңбектік дайындық түзетудамытушылық педагогикалық процеспен және емдеу-сауықтыру кешені іс шараларымен бірге жүргізіледі. Оқушыларды әлеуметтік-еңбектік даярлау міндеті келесілерден тұрады :
- қол жетімді және кең танымал мамандықтарды табысты меңгеруге кедергі келтіретін ерекшеліктерді ерте анықтау және түзету, (қолдың ұсақ моторикасының жеткіліксіздігі, көру-қозғау үйлесімінің бұзылыуы және т.б.);
- оқушыларда оқу-еңбек қызметі процесінде тапсырмаға бағытталу дағдысын, жұмысты жоспарлауды, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- екінші деңгей оқушыларын кәсіптік бағдарлау;
- кәсіптік сыныптар, топтар ұйымдастыру.