СөЖ (срс) Тақырыбы: Төменгі жақтың қозғалысын келтіретін аппараттар



бет1/4
Дата03.10.2024
өлшемі0,94 Mb.
#146729
  1   2   3   4
Байланысты:
Ортопедия ОБОЖ2

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті

«Ортопедиялық стоматология кафедрасы»

СӨЖ (срс)

Тақырыбы: Төменгі жақтың қозғалысын келтіретін аппараттар

Орындаған: Ашел Е.Н. Тексерген: Султанова Э.И.

15-005-01 топ

Алматы 2017 жыл


Астана 2023

Жоспары:

I.Кіріспе

Төменгі жақ сүйегінің қозғалыстары

II.Негізгі бөлім

1.Окклюдатор құрылысы

2. Артикулятор құрылысы, қолданылуы

III.Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Адамның төменгі жақ сүйегі 3 бағытта қозғалады: вертикалды (жоғары және төмен), ол ауыздың ашылуы мен жабылуына сәйкес келеді; сагиталды бағытта (алға және артқа); трансверсалды бағытта (оңға және солға). Төменгі жақтың әрбір қимылы буын бастарының бір мезгілде сырғып жылжуы мен айналмалы қимылдарының нәтижесінде пайда болады. Шықшыт буындарының бір қозғалысында айналмалы (шарнирлік) қимыл басым болса, екінші бір қозғалысында сырғып жылжу қимылы басым болады.

Протездің тіс қатарын қалпына келтіру үшін, төменгі жақты қозғалысқа келтіретін арнайы құрылғылар қолданылады.

Протездің тіс қатарын қалпына келтіру үшін, төменгі жақты қозғалысқа келтіретін арнайы құрылғылар қолданылады.

Бұл құрылғыларға:

1.артикуляторлар

2.окклюдаторлар жатады.

Окклюдаторлар-төменгі жақсүйектің тек қана вертикальды (шарнирлік) қимылын,яғни жақтың тек ашылып жабылуын қамтамасыз ете алатын механикалық құрал.

Окклюдаторлар екі сымды немесе құйылған бір-бірімен шарнир арқылы қосылған жақтаудан (рама) тұрады.Төменгі жақтауы 100-1100 бұрышпен иілген,ал жоғарғысы көлденең жазықтықта орналасқан.Көлденең орналасқан жоғарғы жақтаудың шетінде кішкене сай орналасқан.Бұл сайдың ортасына ұшы тұйықталған,тістем биіктігін бекіту үшін тік штифт енгізілген.Штифт жоғарғы сай мен төменгі сайдың бірігіп тұруын қамтамасыз етеді.Винттің қозғалысы екі жиектің арақашықтығын өзгерте алады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет