Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті Филология және көптілді білім беру институты Академик С.С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы
СӨЖ .Тақырыбы: А.Байтұрсынұлының аударма ісі
Орындаған: Тогаева Дана
Тексерген:Ибраева Айзат
Ахмет Байтұрсынұлының халқына тигізген жақсылығы өз алдына бір төбе. Жалпы оның шығармалары оның ішінде аударма істері, өлеңдері,мысалдары солардың айғағы деп тануға болады. Ол өз өмірінде мына халқымды қалай оятсам екен,оның санасына, жүрегіне жеткізіп,сезіміне әсер етіп,ойын өзгертетіндей жол іздей келе,қолындағы керемет дарынды қолдана біледі.Ұлы Абай атамыз сияқты аударма жасап,тек аударып қана қоймай ішіне қоғамдағы оқиғаларды қоса кіргізіп отырады. Өзге адамдардай емес қырғыздың ақын-жазушысы Тоғолоқ Молдо сияқты мысал деген жанр арқылы ашық айта алмай жүрген көптеген заттарды астарлап айту арқылы халық санасына ұғындырып отырды. Сондай аудармасы Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургтен бастырып шығарды. Онда ең танымал деген «Аққу,шортан Һәм шаян», «Маймыл және көзілдірік»,» Кісі мен аю», «Түлкі мен қарашекпен» сияқты т.б мысалдарды көруге болады.Жалпы мысал жанры форма жағынан қызықты,идеясы миға жеңіл болып келеді.Осы затты Байтұрсынов қазақ тұрмысына ет-жақын суреттерді ұластыра келіп, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді.Еліміздің азып-тозуын,аңқауланып алданып жатқандығына байланысты сарындарды Ахмет Байтұрсынов жұмбақтап, тұспалдап жеткізіп отырған.Аудармаларын оқып көрсек әр адамға әртүрлі ой салатыны анық.Сан қилы ойға жетелейтін «Қайырымды түлкі», «Ала қойлар», «Үлес», «Қартайған арыстан», «Өгіз бен бақа», «Қайыршы мен қыдыр», «Ат пен есек», «Кісі мен аю», «Алтынтәтеш» мысалдарында әлеуметтік-қоғамдық жағдайлардан хабардар ететін оқиғалар, адамдар психологиясымен сарындас әуездер, тағылымды, ғибратты тұжырымдар мол орын алған. Аудармашы негізгі түпнұсқа тексіне орайластырып, көркем ойға ой, суретке сурет қосып, пікірді ұштап, жаңа сарын – әуез қосып отырады.Неге олай дейтінім ,себебі түп нұсқасына қрағанда айырмашылықтар кездесіп отырады.Мысалы,түп нұсқадағыдай емес соңына қорытынды енгізеді,сюжет жағынан да дәл сол өзі өмір сүріп жатқан кезден оқиғалар қосқан.Енді шағын таныстырып кететін болсам
«Кісі мен аю» -мұнда надан достан,адамдардан сақтану туралы айтылады.Тек надан адамнан емес жалпы өзіндік надан тұлға болудан сақтану десем де артық болмас.
«Маймыл мен көзілдірік»-ашу дұшпан ақыл дос,ақылыңа ақыл қос деген мақалдың мысал түріндегі бейнесі.Сабырлы болуға жетелейді.
«Түлкі мен қарашекпен»-қасқырды қанша бақсаң да орманға қарап ұлиды деген нақыл сөз дәл осы жерге келіп саятын сияқты.Адамды ылғи алдап,пиғылы түзелмейтін жандардан сақтану керектігін айтып отыр.
«Алтын әтеш»- ортадағы бірлік,беріктік, ауызбіршілік дегеннің болмаса түбі не болатыны айтылған.
«Ала қойлар»-мысалында жадағай зорлықзомбылық қана емес, отаршылдық саясаттың зұлымдық бет пердесі ашылады. Ахметтің түпнұсқадағы 38 жолдық мысалды 64 жолға жеткізіп аударуы өзінің айтар ойын оқырманның тереңірек ұғынуына жол ашу еді. Мұнда Ахмет ақ патшаның құлқынқұмар саясатын, отар елдерді айлалы тәсілмен қанап отырғандығын суреттейді. Арыстан – орыстың ақ патшасы, аю мен түлкі – жақын кеңесшілері, ала қойлар – бұратана халық.Мысал аяғында: «Бұл сөзге дегенім жоқ жылар-күлер, Адам аз алдын болжап, анық білер. Көкжалдар қойшы болса, кім біледі, Береке ала қойға кірсе, кірер»-деп, Ахмет түйінді ойды оқырманның өзіне тастайды. «Дала уалаяты» газетінде 1894 жылы 14 тамызда И.Крыловтың «Инелік пен құмырсқа» (аударған А.Құрманбаев) мысалының жариялануы – қазақ әдебиеті үшін жаңа бір арнаның басы еді.Ахмет Байтұрсынұлынан басқа Спандияр Көбеев, Абай Құнанбаев т.б көптеген адамдар аударма ісіне көп көңіл бөлген еді.Қазірде аударма ісі кең етек жайып,деңгейі аса түскені айтпасам да белгілі дүние.Крыловтан Абай – 14, Спандияр Көбеев – 37, Бекет Өтетілеуов – 12 мысал аударған. Бір мысалдың бірнеше рет аударылғаны да бар. Мәселен: «Аққу, шортан һәм шаян», «Ат пен есек», «Қасқыр мен тырна», «Шал мен ажал (өлім)», «Айна мен маймыл», «Маймыл мен көзілдірік» мысалдарын Ахмет Байтұрсынов та, Спандияр Көбеев те аударған. «Ала қойлар», «Есек пен қамыс (шілік)», «Бақа мен өгіз» мысалдарының Абай нұсқасы да, Ахмет нұсқасы да бар. Енді осы аудармаларға байланысты Академик Р. Нұрғалиев «Ақжол» жинағының алғы сөзінде қазақ ақын жазушылары мысалдарының ерекшеліктерін: «Абай аудармалары Крылов түпнұсқасымен көбіне-көп дәлмедәл келеді. Спандияр Көбеев 8 мысалды қарасөзбен баяндаған. Ал, Ахмет Байтұрсынов аудармаларында сюжет сақталғанымен, жаңа ойлар айтылады... Крыловтың он жолдық «Шымшық пен Көгершін» мысалы Ахмет Байтұрсынов аудармасында отыз екі жолдан тұратын жаңа шығарма, «Өгіз бен Бақа» орысшада – 17, қазақшада – 36 жол, «Қасқыр мен тырна» орысшада –19, қазақшада –76 жол, «Арыстан, Киік һәм Түлкі» орысшада – 35, қазақшада – 56 жол, «Қасқыр мен Қозы» орысшада –37, қазақшада – 68 жол, «Ағаш» орысшада – 31, қазақшада – 56 жол. Бұл фактілер қазақ ақыны дәстүрлі оқиға, қалыпты бейнелерді ала отырып, ойға ой, суретке сурет қосып, жаңа ұлттық төл туынды жасағанын көрсетеді. Бұрын емеуірін, ишара, меңзеу, астар, мысалмен берілген ойлар«Маса» кітабында ашық, анық, айтылады»деген пікір білдірген.Мен де осы аударма мысалдарды оқуға ойланып тұрған оқырманға бұл соған тұрарлық дүние, ойланбай оқып шығыңыз деп кеңес беретін едім. Себебі бір шығарманы оқымай тұрып оның өміріне көңіл бөлу керек.Ол адам қандай заманда өмір сүрді,қай ғасырда дүниеге келді,отбасы жалпы ол туралы мәліметті біліп алған дұрыс.Сонда ғана бізге оқитын затымыз әлдеқайда түсінікті болады.Енді осы мысалдарда Ахметттің өз басынан кешкен қиын-қыстау күндер, ауыр жолдар, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық сияқты дүниелерді бірталай өлеңдеріне арқау етеді.Ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы – басты сарын болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |