Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Филология факультеті
Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы
СӨЖ Тақырыбы: Ақын-жыраулардың шығармаларындағы өнерге қатысты ой-толғамдар. Орындаған: Оракбай Ж.Д Қабылдаған: аға оқытушы Дарибаев С.Д Алматы,2023
Кіріспе Тақырып өзектілігі: Өркениетке бет алған әр халық, ел өткен кезеңдерге шегініс жасап, бір мезет соған мән беруі керек. Жыраулар әдебиеті – бағзы заманның айнасы. Жыраулар мен ақындар олардың атқанған қызметтері туралы айтса қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, жаңаша ой-пікір мен көз қарастың дұрыс қалыптасуы сөзсіз.
Тақырыптың зерттелуі:жыраулар әдебиетіндегі қазақ тарихының жырлануы көне дәуірлерден, XV ғасырдан келе жатқан сондай қазыналарымыздың бірі. Жыраулар мен ақындардың қоғамдағы рөлі, олардың шығармашылық ерекшеліктері, аталмыш тақырыпқа қатысты көптеген зерттеуші ғалымдар мен ғылыми еңбектерді пайдалану.
Зерттеудің мақсат-міндеті: Ақын-жыраулар поэзиясы арқылы болашақ жастарды оқу-білімге үндеу.
Жұмыстың құрылымы: 1.Кіріспе
2. Негізгі бөлім: 2.1 Абай өлеңдеріндегі өнер тақырыбы 2.2 Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы оқу-білім. 3. Қорытынды 4. Пайдаланылған әдебиеттер Біздің данышпан ақынымыз Абай Құнанбаев шығармашылығындағы ең өзекті тақырыптардың бірі — қазақ жастарына, өнер үйрету, білім беру, оқыту ісі екені рас. Жастарды оқытудағы мақсат не, балаларына білім бермек болған ата-ананың, үлкендердің көздегені не еді, ал оқуға ұмтылған сол жастардың өздерінің діттегені, алға қойған арман-мұраты қайда жатыр – міне, тура осындай мәселелер ұлы Абайды көп толғандырғаны, барынша тебіренткені даусыз. Мұны ойшыл ақынның «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» атты өлеңдерінен байқаймыз. Алдымен, ақын өз басындағы кешігушіліктен бастайды:
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім…
Адамның бір қызығы – бала деген,
Баланы оқытуды жек көрмедім [1, 72],-
дейді. Дейді-дағы балаларын оқытуға, оларға жан-жақты білім беру шараларына айрықша ден қойғандығын ашық айтады, баланы оқытуды жек көрмегендігін паш етеді. Әсіресе, осы орайда ақын білім алатын жастардың ішкі ниет-пығылына баса назар аударған.
Ұлы Абай, ең алдымен, адамның ішкі жан сарайы таза болуы шарт деп санаған. Көзінің жеткені сол – шамшыл, өркөкірек, менмен жандардан еш жақсылық шықпайды, тіпті, ол дүниенің оқуын тауысса да.
Сондықтан да ғұлама ақын өзінің атақты өлеңі «Ғылым таппай мақтанба» деген өлеңінде ол пікірін бұдан ары тереңдете түскен:
Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның білсеңіз,
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз… [1, 92]
Данышпан Абай жастарды оқуға шақырғанда осындай шоқтықты мәселелерді әрдайым жұлдыздай жарқыратып, жоғары ұстайды. Қай жолды таңдап, қай соқпақпен жүру қажеттігін, қай елмен жақын араласып, қай елдің оқуын үлгі тұтсақ ұтатындығымызды, тәп-тәуір табысқа кенелетіндігімізді нұсқаған, тіпті, талап еткен. Қателікке ұрынып қалудан, оғаш-оспадар қылықтардан сақтандырған. Айталық, ол «Интернатта оқып жүр» атты өлеңінде ол өз уағындағы бірсыпыра жастардың орыс тілін білуге ұмтылысының «Прощение» жазуға жарау мен «Я тілмаш, я адвокат» болсам деген өлермендіктен аспай жатқандығына ашынады. Ондай жастар азын-шоғын, үзіп-жұлқып алған татымсыз оқуын бұлдап, еліне кісімсінсе, бәлсінсе, «Көп қазаққа епсінсе, кімге тиер панасы» [1,99] деп налиды ақын. Демек, қарапайым шаруа баққан халықтың үмітін ақтамаған, ұлттың кәдесіне жарамаған шала оқудан(тіптен, биік болса да), зәрредей пайда жоқ! Өйтіп, «Қу менен сұм боларды ойлаған, қаны бұзық» [1,99], залым ойлы адамдар біршама оқыған-тоқығанын, жеттім-білдім дегендерін өзін дүниеге әкелген, қатарға қосқан туған халқына қарсы жұмсайды, қарақан қара басын ғана күйттейді. Тегінде, «Орыс теріс айтпайды, жаман бол деп оларды» [1,99] дейтін ақын сөзінде керемет сындарлы да салмақты мән -маңыз бар.
Ұлы Абайдың ізін жалғастырған – Шәкәрімде бұл тақырыпты айналып өткен жоқ. Абайдай ағасының пікірімен санасып отырған Шәкәрім ,Абайдың айналасында өскендіктен оның жайы мен хәлін жақсы түсінді. Көпшіліктің ,қара халықтың, қазағының бүгінгі күйіне налыды. Ел ішіндегі жағдайлар шаршатты. Бар үмітті болашақтан, жастардан күтті. Сондай бір толқынысты сәтте ақын қаламынан туған «Жастарға» дейтін өлеңі.
Кел,жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам, айла ,зорлықсыз, мал табалық.
Қанша айтқанмен өзгенің бәрі надан
Жалыналық, Абайға, жүр баралық –
деп бар мәселенің шешімі келер ұрпақ, ертеңгі күннің қалай болары жастардың еншісінде екенін түсініп, оларды Абайдың нәрімен сусындауға шақырды.Осы бір өлеңі арқылы ол Абайды қазақ баласы ішіндегі ең биігі деп бағалайды.Оқу ,білімсіз қалған қараңғы халықтың оянуына түрткі болсам деген ойына оның біз қазақ елі де мәдениетті елдер қатарына қосылу жолында Абайдың жолын жастарға ұсынғаны дәлел. Жастарға тек білім мен ғылым арқылы ғана адам өркендей алатынын ұғындырғысы келген ақын, надан болып , түбі жоқ тереңдікте қалғанның артында ешнәрсе қалдыра алмайтынын ескертті:
Сендерден белгі нең қалар,
Жемтігін жеген жем қалар.
Ақылы дария Абайдан
Таусылмас қоры –кен қалар.
Абайдың сөзін ұғар замандасы болмағанына қиналып, "ендігі сенері біз" деген пікірде болып,жастардың көкірегін ілім –білімге толтыруды қалаған Шәкәрім қажы Құдайбердіұлы –заманының заңғар тұлғасы.[2]
Азатшылдық, ағартушылық идеяларына, әртүрлі танымдық-тәрбиеге толы шығармаларымен әдеби мұраға үлес қосқан ірі ақынымыз Мәшһүр Жүсіп Көпеев XX ғасыр басындағы дәуірдің көкейкесті мәселелерін, қазақ халқының хал-жайын жырлаумен, ұлтын ояту, ілгері бастыру, мәдени өркендеу, бақытты, еркін өмірге жетуге үндеумен, елді білімге, ынтымақ-бірлікке, еңбекке шақыруымен әдебиет тарихынан ерекше орын алады. Сәбит Мұқанов ілгеріде жазған «Халық мұрасы» атты белгілі кітабында Мәшһүр Жүсіптің көне мұраны жинаудағы зор еңбегін биік бағалап былай деді: «XVIII ғасырда жасаған ақындардың ішінен жыры мол сақталған Бұқар жырау. Бұқардың жырларын сақтап, тарих алдында ерекше еңбек сіңірген адам Мәшһүр Жүсіп Көпеев. Осы очеркте біз пайдаланған жырлардың бәрі Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының қолжазба қорында сақтаулы. Мәшһүр Жүсіптің «Мес» деп аталатын жинағынан алынып отыр. Бұқардың жырларын жазып алған Мәшһүр Жүсіп: «Бұқарекең сөйлеген уақытында сөзі мұндай жүз есе, мың есе шығар. Бізге келіп жеткен тамыры ғана»,- дейді. Негізінде Бұқардың бұл мұраларын алғаш жазып алған қазақ жерінде Мәшһүр Жүсіптен басқа бұрын-соңды ешкім болған емес. Шоқан Уәлиханов өзінің орыс тілінде жарияланған шығармалар жинағында «Бұқар жыраудың Абылайға айтқаны» деп аталатын бірнеше өлеңін келтіреді. Бұқардың барлық шығармасы сол кездегі халықтың тілегінен туған. Ол тілек қазақ халқының жер бостандығы, ел бостандығы, тәуелсіздігі, тыныштығы, шаттық тұрмысы».
Қолжазба қорындағы «Мес» жинағына қарасаң көңілің тояттайды, оқысаң көзің қуанады. Өшпестей сиямен әсем көшірілген қолжазба Мәшһүр махаббатына лық толы. Ол көне мұрамыздың әрбір сөзіне дейін жеткізуге, қазақ тілінің алтын қорын шашпай-төкпей сақтауға тырысқан.
«Мес» жинағындағы асыл қазынаны бірінші рет барлық ынтасын салып көшіріп, таңдаулыларынан жинақ. жасап, ұсынып отырған жас ғалым Сәрсенбі Дәуітов. Бұл - баланың атаға деген махаббатын дәлелдейтін асыл қасиет.
Ол «Местен» алған материалдарды жіктегенде шартты түрде алты топқа бөлген: 1. «Тұрмыс-салт жырлары». 2. «Аңыздар». 3. «Ақын-жыраулар туралы». 4. «Айтыстар». 5. «Ертегілер». 6. «Батырлар жыры». Бұлай бөлу әдебиет ғылымында әбден қабылданған. Мұхтар Әуезовтің жіктеуіне үйлесіп жатыр. Айтуға оңай, оқуға жеңіл.
Осы жинаққа кірген материалдардың қайсысын алсақ та өзімізге таныс, көптен білетін нәрселеріміз сияқты. Ал оқи келе не бір сөз маржандарына кезігеміз. «Ер Көкше» туралы жырдың бітімі бөлек, айтылуы да тамаша. Бұл жырдан халықтық эстетиканың бұқаралық тенденциясын терең аңғарамыз. Осы тұрғыдан қарағанда жинаққа енген барлық материалдардың біз білетіндерден өзгешелігі ерекше мол: жаңа сөздіктер, сөздің жаңа тіркестері, образдылықтары, тың ырғақ, тың ұйқастары, ой тұжырымдары керемет көп кездеседі.
Мәшһүр Жүсіп жинаған көл-көсір дүниенің бір тобын іріктеп С.Дәуітовтің осындай қызықты жинақ жасағаны дұрыс, болған. Мұның мәдениет үшін де, ғылым үшін де маңызы зор демекпіз.»-, деп орынды бағалайды. [3, 86-89б]
Мәшһүр Жүсіптің қоғамдық-саяси өмірге, әлеуметтік-тұрмыстық тірлікке арнап, ел-жұртың қамын ойлап жазған лирикалық өлеңдері өте мол. Ақын өз кезінің кем-кетік, олқы соғып тұрған жағын тебірене жырлаған, әсіресе оқу-ағарту мәселесіне қатты көңіл бөліп, бүкіл ел-жұртты оқу-білімге, өнерге, еңбекке шақырғаны сол кез үшін аса маңызды, аса қажет кезек күттірмейтін мәселе еді. Ақынның осындай мәнді өлеңдерінің қатарына: біз оның: «Ақ қағаз, қалам, сия», «Ырыссыз жоқ нәрсеге ерінеді», «Түркістан, Ташкент сапары хикаясы», «Жылым – қой, тауық жылы мен үш жаста», «Мәшһүр атты қалай алғандығы туралы», «Момынның әйеліне шығарғаны», «Салдым айғай», «Анама хат» секілді туындыларын жатқызамыз.