Жіктелуі
Өзінің оқшауланған жағдайына байланысты Алтай таулары және айналасындағы тілдермен байланыс, түркі тілдерінің ішіндегі Алтайдың жіктелуі жиі даулы болды. Географиялық жағынан жақын болғандықтан Шор және Хакас тілдері, кейбір жіктемелер оны солтүстік түрік топшасына орналастырады.[3]-Мен белгілі бір ұқсастықтарға байланысты Қырғыз, ол топтастырылды Қыпшақ тілдері бұл түркі тілдерінің отбасында. Талат Текиннің соңғы жіктемесі Оңтүстік Алтайды түркі құрамына кіргізеді және төменгі солтүстік алтай диалектілерін топтастырады. Чулым және Кондома диалектісі Шор
Географиялық таралуы
Алтай тілі бірінші кезекте Алтай Республикасы (Оңтүстік Алтай) және Алтай өлкесі (Солтүстік Алтай).
Ресми мәртебе
Қатар Орыс, Алтай тілі - ресми тіл Алтай Республикасы. Ресми тіл Алтай-Кижи деп аталатын топтың оңтүстік диалектісіне негізделген, алайда бірнеше жыл ішінде ол Солтүстік Алтай Республикасына да тарады
Сорттары
Дәстүрлі түрде бір тіл болып саналса да, Оңтүстік Алтай солтүстік түрлерімен өзара түсінікті емес. Жазбалы Алтай Оңтүстік Алтайға негізделген және сәйкес Этнолог Солтүстік Алтай балалары қабылдамайды.[5] 2006 жылы қолданылуы үшін Солтүстік Алтайдың Құманды алуан түріне кирилл алфавиті жасалды Алтай өлкесі
ХІХ ғ. соңы - ХХғ. басында алтай тілдерінің генеалогиялық классификациясын жасауда негізге алынған «алтай гипотезасы» бүгінгі таңда «ғылыми болжамдық» деңгейден алтаистика немесе салыстырмалы-тарихи алтай тіл білімі деп аталатын дербес те сүбелі ғылым саласына айналып отыр. Өзінің бір ғасырдан астам тарихында әртүрлі ағымдар мен бағыттардың болуына, әрқилы ғылыми көзқарастар мен ой-тұжырымдардың орын алуына қарамастан, «алтайлық» тілдік материалдарды жинақтап, сұрыптауға, алтай тобына енетін тілдер арасындағы өзара байланысты, қарым-қатынасты айқындау мәселелеріне арналған Г.И.Рамстедт, Дж. Клоусон, Н.Н.Поппе, М.Рясянен, Г.Дерфер, А.М.Щербак, Д.М.Насилов, А.М.Позднеев, Т.М.Розин, О.П.Суник, В.А.Аврорин, Д.Шинор, Н.А.Баскаков, Т.А.Бертагаев, Б.Я.Владимирцов, Г.Д.Санжеев, В.И.Рассадин, Б.Х.Тодаева, А.Ронаташ, В.И.Цинциус, А.Г.Шайхулов С.А.Старостин, Л.Р.Концевич, В.Дыбо т.б. белгілі ғалымдардың іргелі еңбектері тек жалпы алтаистиканың ғана емес, сонымен қатар түркітану, монғолтану, тұнғыстану, маньчжуроведение сияқты салалардың әрқайсысының іштей саралана зерттелуінің ғылыми теориялық-методологиялық тұғырына алынып, ғылыми зерттеудің тарихи-салыстырмалы әдісі тілдік талдаудың сан алуан амал-тәсілдерімен толықтырылды.
Дербес ғылым саласы ретінде ғасырдан астам даму тарихында алтаистика «түркілік мәдениетті әлемдік өркениеттік процестердің ажырамас бір бөлігі ретінде қарастыратын, 2-3 ғасырлық тарихы бар түркологиялық ғылыми білімді және оның озық үлгілерін» өзінің теориялық-методологиялық арқауы етіп келген болса, сол сияқты Г.Рамстедт, Н.Н.Поппе, Ф.Е.Корш, М.Рясянен, В.Л.Котвич, В.М.Иллич-Свитыч, Г.К.Менгес, Н.А.Баскаков, А.М.Шербак, Г.Дерфер, Б.Я.Владимирцов, И.А.Батманов, И.В.Рассадин т.б. көрнекті алтаистердің тұжырымдары мен жинақталған «алтайлық» тілдік материалдар лингвистикалық түркологияның салыстырмалы-тарихи бағытының, түркі тілдерінің әрқайсысының тіл тарихына арналған зерттеулердің ғылыми дәйектемелік және фактологиялық негізіне алынды.
Алтай дәуірі (белгісіз кезден б.з.д. ІІІ ғ.)
Тіл тоқтаусыз дамып отыратын құбылыс болғандықтан, түркі тілдері де негіз тілден бастап қазіргі тілдердің қалыптасуына дейін бірнеше даму сатысынан өткені анық. Соған орай түркітанушы ғалымдар түркі тілдерінің дамуын алты кезеңге бөліп қарастырады:
Түркі-монғол, тұңғыс-маньчжур, корей-жапон, угро-фин, самоди тілдеріндегі дауысты дыбыстар үндесуі, дауыстылардың ассимиляциясы, түбірдегі үнді дыбыстардың ұқсастығы, қосымша морфемалардың жалғамалық сипаты, жалпы мағынаны түбірдің жекеше тұлғасы арқылы беру мүмкіндігі, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштардың өздеріне қатысты сөйлем мүшесінің алдында келуі т.б. мәселелердегі ұқсастықтарды негізге ала отырып, бір топ ғалымдар Орал-алтай тіл бірлестігі теориясын ұсынады (Х.Винклер, С.М.Широкогоров, Б.Коллиндер, М.Рясянен т.б.).
Бұл ғалымдардың пікірінше өте ерте кездерде (хронологиялық мерзімі анықталмаған дәуірде), орал және алтай тілдері бір негізден өрбіген. Орал тілдері кейіннен екі тармаққа: угро-фин және самоди тілдеріне бөлініп кеткен. Ал алтай тілдері үш тармаққа: түркі-монғол, тұңғыс-маньчжур, корей-жапон тілдеріне ыдыраған. Орал-алтай тіл бірлестігінен гөрі алтай тілдері деген түсінік қазіргі тіл білімінде сіңісіп, көптеген қолдаушылар тауып отыр.
Әлемдік тіл білімінде алтай тілдері туралы ілімнің жақтаушылары мен даттаушылары тарапынан бір жарым ғасырдай түрлі пікірлер айтылып, салыстырмалы-тарихи және лингво-әлеуметтік аспектіде зерделеніп, алтай жалпытілдік бірліктің әуелгі жағдайының ортақ сипатын ретроспективтік қалпына келтіруге көмектесетін зерттеулер жүргізіліп келеді. Негізінен алтай гипотезасында генетикалық және типологиялық деген екі бағыт бар екендігі белгілі. Типологиялық бағытты қолдаушылардың бір қатары бұл тілдердегі ұқсастықтарды тарихи ұзақ дәуірлер бойы өзара тығыз қарым-қатынаста болуының, бір-біріне күшті әсер етуінің нәтижесі, олар әр текті тілдер десе, келесі бір тобы алтай теориясы дегенді дәлелдеуге әлі ерте, бұл тек болжам деп есептейді. Лингвистика тарихына көз жүгіртсек, алтаист ғалымдар мен антиалтаист ғалымдар лексикалық параллельдер жайында және осы тілдерден бір-біріне енген сөздерді анықтайтын әдістер (критерийлер) – фонетикалық, семасиологиялық (этимологиялық), құрылымдық-грамматикалық (морфологиялық) және мәдени-тарихи, лингво-географиялық т.б. әдістер қалыптастыруда тер төккендігін білеміз
Байқап отырғанымыздай, алтай тілдерінің зерттеулерінде грамматиканың морфологиялық деректері ғана қамтылып келді.
Сөздің «өмірі» – сөйлемде. Яғни, тілдің даму, өзгеру заңдылықтары, оның құрылу, жұмсалу ерекшелігі, аясы, мүмкіншілігін танып, түсіндіріп, талдау үшін ғалымдар зерттеген сөздік қор, этимологиялық негіз, сөзжасамдық тәсілдер мен құралдар, фразеологиялық параллельдер т.б элементтермен шектелу жеткіліксіз. Осындай жағдайларды ескере келе, біз қазіргі қазақ және халха-моңғол тілдерінің деректеріне сүйене отырып, зерттеулерінде нысанадан тыс қалып жүрген тақырыптардың бірі болып табылатын грамматиканың синтаксистік саласын соны бір жағынан зерделеу үшін тарихи-салыстырмалы зерттеуден саналы түрде бас тартып, синхрондық тұрғыдан сипаттап жазуды мақсат тұтқан болатынбыз. Біздің мұндай қадамға баруымыздың өзіндік себебін түсіндіруді жөн көріп отырмыз. Біріншіден, «Тілдің дамуы сөйлем құрлысының жетіле түсуіне жағдай жасайды... Сөйлем құрылысының жетілуі оның құрамындағы сөздердің өзара байланысу тәсіліне, олардың мағына түрлеріне қатысты. Бірақ бұл категориялар тілде өте баяу дамиды» [2, б. 95] ал фонетикалық және лексикалық құбылыстар сыртқы әсердің ықпалына тез түседі. Екіншіден, алтай теориясы тек болжам ғана деп есептейтін Л.Лигеттидің пікірінше: «Тарихи салыстырмалы әдіс үнді-еуропа тілдерінің арасындағы байланыс пен туыстық дәрежесін зерттеудің негізінде дамыған болатын. Зерттеушілердің зерттейтін тілі тым көп және олардың көпшілігі көне дәуірден қазірге дейін өте мол жазба ескерткіштері болғандықтан осы әдістің арқасында табысқа жеткен еді. Онымен салыстырғанда алтай тілдері тым аз, оны көп тілдердің жүйесі деуге келмейді, үш-ақ топтан тұрады... көне жазба ескерткіштері түркі тілінікі VII-VIII, моңғол тілінікі XIII, манжьчур-тұңғыстікі XVI-XVII ғасырларға жатады» [3, б. 323] Демек, бұл тілдердің зерттеулеріне диахроннан гөрі синхрондық зерттеулер маңызды болмақ. Және де «қазіргі тілдерді зерттеу... тілдің шашыранды заңдылықтарын біріктіріп, жүйелі түрде қарастыруға мүмкіндік туғызады» Үшіншіден, алтай тілдеріндегі сөйлемнің құрылымын емес, яғни, сөйлем мүшелерінің орналасу тәртібі емес (бұл тілдер жалғамалы болғандықтан құрылымдық тұрғыдан зерттеу маңызды емес), құрылысын зерттеу қажет деген қорытындыға келдік. Сондықтан зерттеу нысанасына синтаксистің ең негізі деңгейі – өзіне дейінгі сөз тіркесіне жинақтаушы болатын, ал өзінен кейінгі деңгейдегі құрмалас сөйлемге негіз болатын жай сөйлемнің құрылысы, оның типтік түрлері алынып, талдау жасалынды және сипаттап жазу арқылы ғылыми айналымға енгізілді.
Зерттеу нәтижесінде тілдің негізгі құрылым, құрылысы сақталғанымен, оны құрайтын бөлшектер – сөздер, сөз тіркестері, олардың арасындағы байланыс, байланыс арқылы көрініс табатын сөйлем мүшелерінің жасалуында біршама алшақтық байқалатындығын анықтадық. Тілдік фактілердің негізінде моңғол тілінде бастауыш пен баяндауыштың арасында жақтық қиысу болмайды, сол себептен сөйлемнің жағы контекст, сөйлем құрамындағы қаратпа сөздер, моңғол тілінің иелік тәуелдіктің тұлғасынан, рай формаларынан аңғарылатындығын; моңғол тілінде жалпы түркі тілдеріне тән матасу құбылысы болмайтындықтан, ілік жалғаулы сөздің бағыныңқы сыңарда жұмсалуы меңгеру ретінде танылатындығын т.б. ерекшеліктерді сапалық айырмашылық ретінде, ал қазақ, моңғол ғалымдары теориялық негіздемелері мен тұжырымдарын әр түрлі қабылдағандықтан, синтаксистік категориялар грамматикалық қызметі жағынан сәйкес келгенімен, екі түрлі қатынаста, екі түрлі деңгейде танылатындығының салдарынан ерекшелік деп қабылдауға тура келетін «қондырмалы айырмашылықтар» бар екендігіне көз жеткіздік.
Сондай-ақ, аталмыш тілдер грамматикалық құбылыстардың ең негізгі, ең ежелгі белгілерімен ортақтаса алады. Бұл, әсіресе, сыртқы және ішкі әсерлердің ықпалына көне бермейтін грамматикалық тұлғалардың –септіктерінің синтаксистік қызметінен анық байқалады. Екі тілде де, негізінен, атау септігі бастауыштың, ілік септігі, анықтауыштың, табыс септігі тура толықтауыштың, барыс, жатыс, шығыс септіктерінің жанама толықтауыш пен пысықтауыштың грамматикалық көрсеткіші болады. Ал қазақ тілінің көмектес септігі мен моңғол тілінің қимыл септіктерінде ондай бірізділік жоқ. Мәселен, моңғол тілінің қимыл септігі тура толықтауыш, баяндауыш жасауға ғана қатыспайды, ал жанама толықтауыш пен пысықтауыштың қызметінде қазақ тілінің барыс, табыс, жатыс, көмектес септіктеріне, кейбір шылаулардың (arkili, кейбір жұрнақтардың (kiyimshen – buqleeree) рөлін атқарады. Мұндай көріністердің қалыптасуына біздің топшылауымызша осы тілдерге субстарттық және суперстраттардың да ықпалы болған деп ойлаймыз. Мысалы, негізінен номинатив құрылымды тілдер болғандықтан, қазақ тілінде бастауыштың грамматикалық көрсеткіші атау септігі болып есептеледі; ал қазіргі моңғол тілінде бұл заңдылық әлдеқашан бұзылып, бастауыш атау септігімен қатар басқа да жанама септіктер арқылы берілетіндігі ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Біздің ойымызша, мұндай алшақтық моңғол тіліне тибет тілінің әсерінен пайда болған. Ал оны нақты дәйектермен дәлелдеп шығу үшін тарихи-салыстырмалы синтаксиске жүгінімуіміз керек. Өкінішке орай, мұндай зерттеулер алтай тілдері аясында түгілі түркі тілдерінің, тіпті моңғол тілдерінің арасында қолға алынбай отыр.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Қайдар Ә., Оразов М., Түркітануға кіріспе. Алматы: Арыс, 2004. – 360 бет.
Абдикарим Н. Қазақ және моңғол тілдеріндегі сөйлем құрылысының ұқсастығы мен ерекшеліктері (жай сөйлем негізінде): автореферат. Астана, 2010. – 30 бет.
Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 1992
Нұрмаханова Ә. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы. Алматы, 1971
Достарыңызбен бөлісу: |