Сөж тақырыбы: Бензой қышқылын өндіру технологиясы. Орындаған: Есенгулова Альбина 303 К, озхт тексерген



бет2/2
Дата29.04.2023
өлшемі295,88 Kb.
#88377
1   2
Байланысты:
Бензой қышқылы өндірісі

Канницаро реакциясы.
Бензальдегид сілтілік ортада Канницаро реакциясы арқылы бензой қышқылы мен бензой спирті түзіледі.

Гриньяр реакциясы.
C6H5MgBr + CO2 → C6H5CO2MgBr
C6H5CO2MgBr + HCl → C6H5CO2H + MgBrCl
Қолданылуы. Бензой қышқылы шикізат ретінде төмендегі реактивтерді алуда пайдаланылады:
- Бензоилхлорид
- Бензоатты пластификатор
- Фенол
- Капролактам
Бензой қышқылы және оның тұздары консервант түрінде тағамдық өнімдердің ( Е210, Е211, Е212,Е213) құрамында кездеседі.
Медицинада: тері ауруларына антисептикалық және фунгицидтік зат ретінде қолданылады.
Бензой қышқылының эфирі өткір иісті болғандықтан парфюмерияда, ал бензой қышқылының басқа да туындылыры, мысалы хлор, нитротуындылары бояғыштар синтезінде қолданылады.
Бензой қышқылы ауыл шаруашылығында, лак бояу материалдар өндірісінде, целлюлозды қағазды, фармацевтикалық, текстильді және өндірістеріндерінде, сондай ақ антифриздер мен майлағыш майларда қолданылады.

Бензой қышқылын өндірудің технологиялық схемасы.
Толуолдың ауадағы оттекпен тотығу реакциясы селективті және 185оС-та 0,7МПа қысымда интенсивті өтеді. Бұл реакция экзотермиялы. Тотығу процессі 2 жұпты жайма жылуалмастырғыштармен (2) жабдықталған колонналы типтегі аппаратта (1) жүргізіледі. Қондырғыны іске қосқанда температураны 150-165оС жылытып, жайма жылуалмастырғыштардың құбыраралық кеңістігіне жоғары қысымды буды жібереміз. Шикізат компоненттердің бірінші жылынуы әрекеттесуші заттардың активтелу энергиясына жетуге қажет. Ары қарай реакция барысында өздігінен жылу бөлінетіндіктен, қоспа температурасы жоғарылап, одан мақсатты өнімнің (бензой қышқылы) шығуы кемиді және артық өнімнің көп түзілуіне әкеледі. Жылуалмастырғыштағы (2) реакциялық қоспадағы температуралық жылудың кемуі үшін жылуалмастырғыш пен колоннаның арасын циркулирлейтін конденсат енгізеді. Конденсат арқасында 0,4 МПа қысымды бу түзіледі. Реактордың (1) төменгі жағы әуелі-оттекті қоспа компрессормен айдалатын барботермен жабдықталған. Колоннаның жоғарғы жағына толуол мен сұйық катализатор жіберіледі.
Бензой қышқылының түзілуінің химиялық реакциясы нәтижесінде "кері кеткіш реакциялық газ" жиналады. Онда толуолдың, судың, бензой қышқылының, СО, СО2, N2, O2-Ң буы және құмырсқа мен сірке қышқылының буы бар. ККРГ реактор төбесімен конденсацияның I-сатысына жуғышқа (3) өтеді, жылуалмастырғышта (4) суытылады. Жылуалмастырғышта ККРГ 40оС дейін кері сумен суытылады. Конденсирленбеген кері кеткіш газдар (5) адсорбцияға кетіп, онда толуолдың қалған іздері активтелген көмірмен жұтылады. Органикалық және сулы қабат реакциялық газдың конденсациясының I,II-сатысынан соң сепараторда бөлінеді. Коллонаның төменгі жағынан (1) 80% бензой қышқылы, 10% толуолдан тұратын мақсатты өнім-оксидатты (тотыққан қоспа) жібереміз, ол вакуумды ректификациялы колоннаға (6) түседі.
2-сатылы вакуумды ректификациялыоксидаттың схемасы қайнатып буландырғышпен жабдықталған 2 тарелкалы ректификациялы колоннадан (6,7) тұрады. Колоннадығы температураны буландырғыштың құбыраралық кеңістігіне (8) келетің 30 атм. қысым буымен реттеледі. 1-ректификациялы колонна (6) жеңіл қоспаларды айдауға (су,толуол,дифенил) арналған. Оның сулануына дефлегматордағы (9) түзілген дистиллят қолданады. Конденсирленбеген жеңіл қоспалар вакуумды система арқылы конденсацияға сорылады,тотығу реакторына (1) оралады.
Колоннаның (7) қалған кубы ректификациялы колоннаға (6) түседі. Колоннада бензой қышқылының басқа ауыр қоспалардан бөлінуі жүреді: бензилбензоат, шайырлы қоспа, катализаторлы шлам. Бұл колоннада бензой қышқылы қоспаның тез қайнағыш компоненті ретінде буға өтеді, дефлегматорда конденсирленеді. Дистилляттың бөлігі колоннаны суландырғанға оралады, ал қалғаны буферлі ыдысқа құйылып кристаллизацияға кетеді. Бензой қышқылының балқымасы барабанды кристаллизатор (10) ваннасына дайын қатты өнім алыну үшін беріледі. Ал катализаторлы шлам катализатор регенерациясы аймағына жөнеледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет