Роберт Гук - әйгiлi ағылшын жаратылыстанушы. Гук алғашқы жеке өзi жазған каппилярлық құбылысқа арналған еңбегiн 1661 жылы жариялады. Кейiн ол астрономиялық құрал-саймандарды ойлап табу және оларды жетiлдiрумен айналысты, биологиялық, географиялық, геологиялық зертеулер жүргiздi. Әрбiр осы салаларға ол өзiнiң үлкен үлесiн тигiздi. Гук өзiнiң 1665 ж. жарық көрген «Микрография» атты еңбегiнен кейiн әйгiлi болды. Бұл кiтапта Гук өзі жетiлдiрiлген микроскоппен көп зерттеулерін жүйелеп баяндайды.