Гиппократ ( 460 — 370) — – ежелгі грек дәрігері, көне медицина реформаторы. Гиппократты «медицинаның атасы» деп атайды. Алғаш адам мен жануарлардың анатомиялық және морфологиялық құрылысына жүйелі түрде сипаттама беріп, оларда болатын түрлі аурулардың қалыптасуындағы сыртқы орта мен тұқым қуалаушылықтың рөлін атап көрсеткен.
Үлес қосқан ғалымдар және олардың еңбектері
Аристотель ( 384 — 322) — ежелгі грек философы, Платонның шәкірті, Ескендір Зұлқарнайынның (Ұлы Ескендір) ұстазы, «адамзаттың бірінші ұстазы» деген құрметті атаққа ие. Өз еңбектерінде жануарларды құрылысы мен тіршілік әрекеттеріне қарай 4 топқа бөлді. Сонымен қатар адамның анатомиялық-морфологиялық құрылыс ерекшеліктерін, ой-өрісінің дамуын да зерттеді.