Грегор Иоганн Мендель-аустириялық биолог және ботаник, белгілі табиғат зерттеуші, тұқым қуалау заңдылықтарын (Мендель заңдылықтары) алғаш ашқан ғалым, генетиканың негізін салушы, монах. Мендель бұршақ өсімдігіне ұзақ уақыт бойы (1856 – 1865) жүргізген зерттеу тәжірибелерінің нәтижесінде Өсімдік будандарымен жүргізілген тәжірибелер деген еңбегін жариялады. Ол тәжірибелері арқылы тұқым қуалаушылықтың негізгі заңдылықтарын ашты. Кейін бұл Мендель заңдылықтары деп аталды.