СөЖ тақырыбы: Ежелгі Грекия- ғылымның отаны



бет3/3
Дата23.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#51950
1   2   3
Байланысты:
visit-athens-social-media-strategy (копия)

Архимед

  • Архимедтің ғылыми еңбектері математикаға да, физикаға да, асторномияға да жатады. Оның математикалық еңбектері өз заманынан озық болған, бұл еңбектері дифференциалдық және көптеген математикалық еңбектерінің ішінен қисық сызықтардың ұзындықтарын, әр түрлі фигуралар мен денелердің көлемін және беттердің ауданын есептеу ерекше орывн алған. Архимед рычаг заңын, суда өлшеу арқылы қорытпаның құрамын анықтау тәсілін тағайындаған, өз атымен аталған гидростатика заңын ашқан. Сұйыққа батырылған денеге, көлемі сол дененің көлеміндей сұйықтың салмағына тең болатын және онан әрқашанда жоғары қарай бағытталған кері итеруші күш әсер ететіндігін айқындайтын заң аэростатика мен гидростатика заңы деп аталды. Архимед Жер суаратын машиналарды, жүк көтеретін рчаг жүйелері мен блоктарды, тас ататын және қамал бұзатын соғыс машиналарын т.б. ойлап шығарған.

Қорытынды:

Ежелгі Грекия ғалымдарының ғылымға қосқан үлесі өте зор. Ежелгі өркениет – бұл өндірістің құлиеленушілік тәсіліне негізделген ертедегі Грекия . Жайлы климат, жағалауды 

шайып жатқан жылы теңіздер, тұщы судың молдығы және басқалары 

теңіз сауда-саттығының, балық аулаудың, жер өңдеу мен кәсіптердің 

өркендеуіне, Ертешығыс өркениеттерінің (Мысыр, Парсы елдерінің) 

жетістіктерін қабылдауға себеп болды. Ертедегі гректер ой-қиялдары 

жетілген, бәсекелестікке бейім, талантты халық болды. Шамасы, 

дәл осындай жағдайларда адамдардың дербес бастаулары қарқынды 

дами бастаған. Олар өздерінің шығармашылық күштерін іске асыруға 

мүмкіндік алды: ғажап мифтер құрды, ақ мәрмәрдан қала-мемлекеттер 

(полистер) салды, демократияны, театрды, олимпиадалық ойындар-

ды, сурет өнерін, фресканы (ғимарат қабырғасындағы суретті) мүсін

өнерін және т.б. ойлап тапты. Солар арқылы еуропалық өркениет пен 

мәдениеттің негізін салды. Қол жеткен ғаламат жетістіктердің бірі – 

енді өзгерген өмірдің талаптарына жауап табуға әрекеттенген фило-

софия болды. 

Пайдаланған әдебиеттер:

Ғылым тарихы мен философиясы / Құрастырушы – Алтаев Ж.А.: ЖОО-ның магистранттары және аспиранттарына арналған оқулық. – Алматы: Раритет, 2007 – 320 с.

https://www.stud24.ru/philosophy/antik-filosofiyasy/68689-221000-page1.html



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет