Сөж тақырыбы: Эпикалық шығармаларды оқыту Орындаған: Нұрғожа А. С тексерген

бет1/5
Дата11.04.2023
өлшемі474,24 Kb.
#81503
  1   2   3   4   5
Байланысты:
СӨЖ ФФ 03,09

СӨЖ

Тақырыбы:Эпикалық шығармаларды оқыту
Орындаған:Нұрғожа А.С
Тексерген:Бораш Р.

Эпикалық шығармаларға әңгіме, роман, эпопея, мысал, хикаят (повесть) жатады. Эпикалық шығармалардың өзіне тән ерекшеліктері – олардың негізгі бір мазмұнға құрылуы, сюжет, композициясы, тақырыбы, көркем бейнелері, яғни көркем компоненттерінің барлығы. Сондықтан оларды талдау барысында, ең алдымен, әдебиет теориясынан білім беріледі. Мысалы, әңгіме жанры деген не, оның хикаяттан немесе романнан айырмашылығы не? дегендей. Эпикалық шығармаларды оқытуда, талдауда міндетті түрде мына мәселелер басшылыққа алынады:

Көркем шығарманың сюжеті, көтерген тақырыбы, проблематикасы.
Көркем образдары, образдар галереясы.
Автор – көркем туындыны жасаушы, көркем туындыны жазушы. Автор және көркем туынды.
Көркем шығарманы талдау оны оқудан басталады. Көркем туындыны толық оқымай, мазмұнын жете меңгермей тұрып, оны талдау мүмкін емес. Әңгіме, мысал сияқты шағын жанрларды талдау (барлық көркем компоненттерін қосып) роман, эпопеяларға қарағанда әрі қолайлы, әрі жеңіл болады. Әңгіме мен мысалды талдауда мұғалімнің олардың көркем табиғатын таныту, барлық бітім-болмысын сөз етуге мүмкіндігі мол. Ал роман, эпопеяны бағдарламада көрсетілген аздаған сағаттарда толық дәрежесінде талдау мүмкін емес. Сондықтан әсіресе, осындай көлемді шығармаларды оқыту үшін, мұғалім айрықша еңбектенеді. Көлемді шығармаларды талдауда да мұғалім көркем мәтінмен жұмысқа ерекше ден қоюы керек. Әрі оны тұтастай қарастыруды ойластырғаны жөн. Эпикалық шығармаларды талдау әр буында өзіндік ерекшеліктерімен даралана талданады (сыныбы, жасына қарай). Мысалы, бастауыш буында (5-7) сюжеті, композициясы, кейіпкерлеріне назар аударылса, 8-9 сыныптарда ол тереңдей түседі, авторлық тұрғыға, оның негізінде жатқан проблематикаға көңіл бөлінеді, ал жоғары сыныптарда әдебиеттану ғылымының басты талаптарымен талдау, әдеби-теориялық негізде тереңірек талдау жүзеге асуы тиіс.

Эпизодтармен жұмыста мына мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек:
Қай буында болмасын, оқушылар өздері оқыған шығармалардың мазмұнына, оқиғасына ерекше көңіл бөледі. Ал оқиғалар бір-бірінен туындап жатады, оқиғаның басталуы, дамуы, шарттары, шешімдері бар. Олардың барлығы оқиға құрылысына жатады. Талдауда ең алдымен оқиға, композиция назарға алынады.
Басты оқиғаларды мазмұндату, оған жоспар жасату сюжет-композициялық талдаудың ең негізгі әдіс-тәсілі болады.
М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясын оқыту. Мектепте 4-томдық эпопеяны оқытудың ерекше маңызды, әрі қиын мәселе екендігі түсінікті. Ең алдымен, эпопеяның өзін оқытуды ұйымдастыра білу керек.
Эпопеяның әр кітабындағы негізгі оқиғаларды теріп жазып, пайдалану. Оның тиімділігі: төрт кітаптың негізгі-негізгі оқиғаларынан хабардар ету, естеріне түсіру, әріресе, кейіпкерді талдау барысында оның көмегі зор болмақ.
Әңгіме жанрын оқыту
Әңгімені оқытуда тек мазмұны ғана емес, ең бастысы, оның негізгі проблематикасы, жазушының идеялық-эстетикалық мұраты, сол жолдағы табысы сөз етілуі керек. Сюжет, композиция тұтастығы, тіл көркемдігі, характерлердің жасалу жолдары айналасындағы еңбекте ең негізгі мәселелер. Әдеби-теориялық ұғымдарын тереңдету, хикая, прототип, кейіпкерлерді психологиялық күй-жайы, сюжет, композиция, суреттеу, портреттеу, баяндаулар туралы да түсінік беру сабақтың басты мақсаттарының бірі болып табылады. Повесті талдау ең алдымен мазмұнын меңгеруден басталмақ. Сондықтан мұғалім ең тиімді деген әдіс-тәсілдер іздеуі керек. Мазмұнын сыныпта, әрі үйде меңгерту жөн. Шығарманың ұзақтығын ескеріп, әрі оқушының тез оқуы, қызығуын ұйымдастыру мақсатында, тарауларына тақырып қойып, ол талдаулардағы басты оқиғаларды көрсетіп, үлгіде көрнекі етіп жазып, пайдаланып отырудың маңызы зор.
Мысал жанрын оқыту
Мысал – аллегориялық жанр. Айтылатын ой ашық берілмейді. Астармен, меңзеумен беріледі. Ең алдымен, мысал жанры, оның өзіндік ерекшелігі туралы әдеби-теориялық ұғымнан мағлұмат, түсінік берген жөн. Мысалдарды оқу, талдау барысында бұл түсініктерге қайта оралып, осы ұғымдарды оқушылардың өзіне аңдатып, түйіндетіп отыру керек.
Ертегілерді оқыту
Оқулықтарда ертегідердің қара сөзбен жазылған түрлерімен қатар, өлеңмен жазылған түрлері де берілген. Ертегілер 5-9 сыныптарда оқытылады. Қай жанрда жазылған ертегі болмасын, балалар оны ерекше қызығушылықпен оқиды. Ертегілерді оқытуда ең басты мына мәселелерге көңіл бөлу керек.
Ертегілердің жанрлық ерекшелігін таныту. Яғни әдеби-теориялық ұғымдар беру;
Сюжет пен композициясындағы жымдастық, тұтастық, өзіндік ерекшеліктерді білдіру;
Тіл құрылысы ұйқаспен, тақпақпен келуі, баяндау, суреттеу, портреттеу шеберлігі, бейнелі сөздердің мол келуі, оқиғаларының қызықтығы, жатықтығы. Ертегінің бай тілі – халқымыздың ғасырдан-ғасырға келе жатқан байырғы, тарихи тілі екендігі.
Ертегі негізінде халқымыздың асыл арманы, ұшқыр қиялы, гуманизмі, адамдық биік мінез-құлқының, тыныс-тіршілігінің айнымай көрінуі.
Ең алдымен, оқушыларға ертегіні оқыту, мазмұнын толық меңгерту мәселесін ойластыру керек. Мазмұнын меңгертуде мәнерлеп оқу, әңгімелеу, баяндау, мазмұны тұтас сақталынған толық жоспар, ең басты оқиғаларға негізделген тұжырымды жоспар, эпизодтарға бөлу, әр эпизодқа ат қою, сұрақтар, тапсырмалар жүйесін ойластыру, оқушылардың қабілеті, икем-дағдысын арттыруға, байланысты жұмыс түрлерін жүргізу, соның ішінде өтілгелі отырған ертегіге сәйкес ертегілер құрастыруға баулу, пікір айта білу, өз беттерімен талдауға дағдыландыру, мәтінге жуық мазмұндату, басты оқиғаларды ғана қамтып, мазмұндату мәселелерін ойластыру.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет