Сөж тақырыбы: Эпикалық шығармаларды оқыту Орындаған: Нұрғожа А. С тексерген



бет4/5
Дата11.04.2023
өлшемі474,24 Kb.
#81503
1   2   3   4   5
Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық ахуал қалыптастыру:
«Гүлмен тілек» әдісі арқылы білім алушылар бір –біріне жылы лебіздерін білдіріп шығады.
Үй тапсырмасын сұрау:

  • Қабдеш Жұмаділовтің өмірі ,шығармашылық жолы

  • Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романында көтерілген ел бірлігі ,ұл мүддесі жайлы мәлімет

  • Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы:«Бәріміз де пендеміз ғой.... Бір бірімізді сөге жамандамай,жақсы көңілмен еске алатын болайық»- деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?

«Гүлмен тілек»




Сабақтың ортасы

Жаңа тақырып:
Әбіш Кекілбаев өмірі мен шығармашылығы
Жоспар:

  • Әбіш Кекілбаевтің өмірі мен шығармашылығы

  • «Үркер», «Елең-Алаң» тарихи романдары

  • Жазушының адам мінезін сомдаудағы суреткерлік шеберлігі

Әбіш Кекілбаев 1939 жылы желтоқсан айында Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Онды ауылында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті) бітірген. Еңбек жолын бұқаралық ақпарат құралдарында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушілігінен бастап, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі, ҚР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты секілді мемлекеттік биік қызметтер атқарды.
Әбіш Кекілбаев – қазақ көркем әдебиетіне үлкен үлес қосып жүрген жазушылардың бірі. Оның “Үркер”, “Елең-алаң” тарихи романдары тек тарихи шежіре емес, бүгінгі қоғам үрдісімен, ұлт мүддесімен астасып, бостандық рухы мен өркениеттің өшпес құндылықтарына ұмтылатын мінез тәрбиелерлік қуатты шығармалар. Оның халық тарихын бейнелі түрде суреттеген шығармасының көкжиегі ретінде саналатын «Үркер» мен «Елең - алаң» романдары бір – бірімен сабақтасып, байланысқан.
Үркер романы - қазақ елі басынан өткерген аса ауыр кезеңдерді, XVII-XVIII ғасырларда орын алған ірі-ірі оқиғаларды тарихи деректерге сүйеніп жазылған, көп қанатты, тарих шежіресін жырлайтын тамаша туынды. Ол әдебиеттегі тарихи шығармалардың қатарында белді жерден орын алатын, көркемдік дәрежесі жоғары, айрықша орамды шығарма. Роман мазмұны, ең басты, нағыз өзекті мәселесі – қазақ елінің өз жері, өз бостандығы, дербес ел болып қалыптасуы үшін талай жылдар бойы табан тіресіп жүргізген күресінің жайы, айбынды асулары. Шығармада талай тар жол, тайғақ кешулер арқылы өткен өткелдер жалпы алғанда дәлелді де, әділетті де айтылған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет