Сөж тақырыбы: Етістіктің етіс, шақ, жақ категориялары Орындаған: Сатыбалдиева П. О. Тексерген: Хунанбай А. Алматы, 2022 жыл мазмұНЫ



бет3/6
Дата22.11.2022
өлшемі102,12 Kb.
#51755
1   2   3   4   5   6
Бұйрық рай. Бұйрық рай қимылдың, іс-әрекеттің орындалу-орындалмауында біреуге бұйыру, тілек ету, түрткі болу сияқты мағыналарды білдіреді. Бұйрық райдың арнаулы жұрнағы жоқ. Сондықтан бұйыру түбір етістіктің өзінен көрінеді: кет, кел, сөйле т.б. Ал бұйрықтың кімге бағытталғанын білдіру үшін бұйрық сөзге, яғни етістікке тікелей жіктік жалғауы жалғанады. Сонымен, бұйыру мәні ІІ жақта айқын болады да, ІІІ жақта бұйыру-өтіну, қозғау салу мәні басым болады да, ал І жаққа бұйрықтан гөрі сөйлеуші қимылды, іс-әрекетті өзі ниет етіп орындайтынын білдіреді:
І жақ. Бар-айын, бар-айық;
ІІ жақ. Бар, бар-ыңдар;
Бар-ыңыз, бар-ыңыз-дар
ІІІ жақ. Бар-сын, бар-сын т.б.
Бұйрық райдың негiзгi берiлу тәсілі етістік түбiрлерi екені мә- лім. Бұл тәсiл көне түркi тiлiне де тән: Етістіктің түбір тұлғасы арқылы....едгүті есід. Кейде осы тұлға көпшемен де қолданылғаны байқалады: Тоқуз оғуз беглерi будуны, бу сабымын едгүті есід, қатығды тыңла. Бұл сөйлем бір ғана кісіге емес, көпшiлiкке арналса да, етістік түбіріне арнаулы қосымша жалғанбаған. Әдетте етістіктің жалаң түбiрi деп түркі тілдерінде бұйрық райдың II жақ анайы (немесе катаң бұйрық) тұлғасы айтылады. Сонда, айналып келгенде, қазақ тіліндегі бұйрық райдың II жақ тұлғасы дегенімiз, сонымен бірге, етістіктің түбірі деп те ұғынылады.
Қазiргi қазақ тiлiнде де III жақтық бұйрық рай деп танылып жүрген тұлғаның контекстiк қолданылуында кейде бұйрықтан гөрi ұйғару, шешiм мәнi басым болып отыратыны бар. Бұйрық райдың III жағы ежелгi түркi тiлдерiндегiдей еріндік дауыстылармен емес, езулік дауыстылармен айтылады. А. М. Щербак еріндікпен (-сун) айтылуы шығыс түркiстандық тiлдерге тән де, екеуi жарыса қолдану батысқа орналасқан тілдерге тән болса керек деп пайымдайды.
Бұйрык райдың III жағының косымшасы -ың да о баста II жақ тәуелдiк жалғауы дейтiн де болжам бар. Тәуелдiктiң II жағымен бұл тұлганың сырттай ұқсастығы, әрине, айкын. Н. А. Кононов осман түрiктерi тiлiнде қолданылатын осы тұлға жайлы былай деп жазады: «Предполагают, что первоначально формально не дифференцированное имя-глагол, используемое в повелительном значении, отличалось от имени ударением, двусложное слово име- ло в таком случае ударение на первом слоге».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет