Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Филология факультеті
СӨЖ
Тақырыбы: Етістіктің етіс, шақ, жақ категориялары
Орындаған: Сатыбалдиева П.О.
Тексерген: Хунанбай А.
Алматы, 2022 жыл
МАЗМҰНЫ
I. КІРІСПЕ 3 IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 9
I. КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тiл бiлiмiндегi өзектi мәселенiң бiрi- морфология саласы. Морфологияның iшiнде етiстiк сөз табының да тiл бiлiмiнде өзiндiк орны бар мәселе болып саналатыны анық. Бүгiнгi таңда да қазақ тiл бiлiмiнде етiстiктiң басты критерийлерiнiң мәнi, өзiндiк маңызды сипаттары толық айқындалды деп айта алмаймыз. Осы тұрғыдан бұл теориялық бiлiмнiң қазақ тiл бiлiмiнде етістіктің ерекшелiктерiн, оның iшiндегi етiстiктiң категорияларын талдаудың қажеттiлiгi жұмыстың өзектiлiгiн анықтайды.
Зерттеу нысанасы. Жұмыста етістік сөз табының ерекшелiктерi, категориялары, құрылымына қарай бөлінуі жайлы тереңірек қарастыру нысанға алынды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеті. Жұмыстың негізгі мақсаты – морфологиның ең өзектi, ең басты мәселесi - етiстiк, оның категорияларын, етiстiктердiң жасалу жолдарын айқындау.
Зерттеудің дереккөздері. Жұмыста негізінен М.Томановтың «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы», «Қазақ тілінің тарихи грамматикасы(фонетика, морфология) еңбектері, етістікке қатысты теориялық кітаптар басты назарда болды.
Зерттеу әдісі. Салыстырмалы талдау, жүйелілік, жинақтау, тұжырым жасау әдістері пайдаланылды.
Жұмыстың құрылымы. Еңбек кіріспеден, негізгі бір тарау және екі тараушадан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.