Фр.Бэкон ғылымдар классификациясын жасауға тырысты. Классификация негізі – адам ақылының қасиеттері: ес, қиял, пайым (рассудок) Еске – тарихи ғылымдар, қиялға – поэзия, пайымға – барлық ғылымдардың негізі – философия сәйкес келеді. Философияны Бэкон: 1.Құдай; 2.табиғат; 3.адам туралы ғылым деп тұжырымдады.
Философияның аталған 3 саласын адам түрлі жолдармен, құралдармен таниды:
рефлекция арқылы (ойдың өз-өзіне бағытталуы, ойдың ойды зерттеуі).
Фр.Бэкон философиясы ағылшын философиясына, Жаңа Заман философиясына, одан кейінгі дәуірлер философиясына үлкен әсер берді: 1.философиядағы эмпириялық (тәжірибелік) бағыттың негізі қаланды; 2.гносеология (таным туралы ілім) философияның қосалқы саласы болудан жоғары көтеріліп, онтология (болмыс туралы ілім) деңгейіне жетті, және кез-келген философиялық жүйенің басты екі бөлімінің біріне айналды; 3.философияның жаңа мақсаты анықталды – адамға оның өз әрекетінде практикалық нәтижелерге жетуіне көмектесу (осылайша Батыс философиясы жанама түрде болса да болашақ америкалық прагматистік философияның негізін қалады); 4.ғылымдарды жіктеуге талпыныс жасалды; 5.Англиямен қоса, бүкілевропалық антисхоластикалық, буржуазиялық философияға серпін берілді.