Сөж тақырыбы: «Философпен сұхбат » Орындаған: Ештай Шұғыла Тексерген: Нигметова Алия Темирлановна



бет2/3
Дата10.11.2022
өлшемі28,69 Kb.
#49178
1   2   3
Аристотель: Платон қайтыс болған соң Академиядағы жаңа басшы математикаға көбірек назар бұрғандығына төзе алмай Афинадан кетіп қалдым. Бірақ бұл академиямен байланысымды үзгенімді білдірмейді.Кейінірек Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы (Бүгінгі Түркиядағы) Гермиас патшаның иеліктеріне сапар шектім. Сол жерде жүріп Теофратспен бірге Лесбос аралында өсімдік және жануар әлемін зерттеп бастадым. Гермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленіп, қызды болдым, қызмның атын да Пития деп атадым. Өкінішке орай, Гермиас бір реткі бүлікте кездейсоқ өлтірілген соң,менде өз отбасыммен Кіші Азиядан кетуге мәжбүр болдым.Сол кезде Македония патшасы ІІ Филипп өзінің 13 жасар ұлы Ескендірге (Македондық аты Александр) тәлімгер болуға шақырады. Бұл кезде ол тек Ескендірге ғана емес, басқа екі болашақ патшаға, яғни І Птолемей Сотерге және Кассандрға да сабақ бердім. Мен Ескендірді "Гректерге жетекші болуға, варварларға қатал болуға, шаруаларға досы мен туысына көмектескендей көмектесуге, басқаруда әрі қатал, әрі жұмсақ болуға" үйреттім.
Мен: Сұхбатымызды өзіңіздің “Метафизика” еңбегіңізді талқылаумен өрбітсек?
Аристотель: “Метафизика” грекше - физикадан кейін деген мағынаны білдіреді. Біріншіден бұл еңбек: болмыстың сезімнен тыс тұрған принциптері туралы философиялық “ғылым”ретінде, екіншіден :дамуды тек сан өзгерістері жағынан ғана түсінетін және өзіндік дамуды теріске шығаратын, диалектикаға қарама-қарсы философиялық әдіс болып табылады. Осы терминді алғаш қолданғандардың бірі мен боламын.Бұл еңбек барлық ғылымдар үшін міндетті нәрселердің өзгермейтін және сезім мүшелерімен емес, оймен ғана пайымдауға болатын ең жоғарғы бастамаларын зерттейді. Ортағасырлық философияда метафизика теологияның философиялық дәлелдемесі ретінде қызмет етті.Еңбегімнің алғы сөзін “ Адам табиғаты білуге құштар…” деп бастадым. Бұл ақыл-парасат пен ғылыми білімнің адамзат үшін маңызын да, ғаламат құдіретін де, айырықша салмағын да аңғартады. Яғни, адам ғылым мен философияға тек табиғи қажеті қанағаттанып, қоғамның материалдық деңгейі толысып, бос қалған кезде басталады және ол көбінесе таңырқауды алғашқы себеп етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет