Сөж тақырыбы: «Философпен сұхбат » Орындаған: Ештай Шұғыла Тексерген: Нигметова Алия Темирлановна


Мен: Ал енді философия туралы көзқарасыңызбен бөліссеңіз? Аристотель



бет3/3
Дата10.11.2022
өлшемі28,69 Kb.
#49178
1   2   3
Мен: Ал енді философия туралы көзқарасыңызбен бөліссеңіз?
Аристотель: Философиялық көзқарастарымды “Метафизика”, ”Рух туралы”, ”Категориялар”және ”Алғашқы және кейінгі аналитика” деген шығармаларымда жете пайымдаған болатынмын.Менің пікірімше, философия "шынайы ғарыштың себептерін зерттейтін ілім". Бірақ бұл Платонның философияны "Идеяны тану ілімі" дегеніне қарама -қайшы. Екеумізде философияны ғарышты тану деп түсінгенімізбен.Ғарышты қалай тану және ғарыштың негізгі мәні не деген мәселеге келгенде екеуіміз екі бағыт ұстандық. Платонның айтуынша, идея барлық нәрсені сомдаған арытқы себеп. Алдымен ғарыштық идея өмір сүреді, ол тұрақты, баянды, бірегей, мәнді, ал құбылыс идеяның көрінісі болып, уақыттық, ауыспалы, өткінші нәрсе десе.Ал менің пікірімше,әрбір нақты нәрсені негіз етіп ғарышты зерттеудің ғана болашағы бар екенін, егер нақты осы заттар болмаса идея да өмір сүрмейтінін уәж еттім. Платонда нақты нәрсе мен идея ортасындағы байланыс күңгірт болып, идея ғарыштың бір қалыбы, үлгісі дегеннен ары ұзамады. Ол нақты нәрсе туралы білім мәнді білім емес, шынайы білім біртұтас идеяны білу деп есептеді. Мен болсам тек нақты білім ғана шынайы білім береді, біз өз тәжірибеміз бен зердеміз арқылы нақты нәрселерді зерттегенде барып дүниенің мәнін түсіне аламыз деп есептедім.
Мен: Өмірдегі басты мақсатты не деп санайсыз?
Аристотель: Менің ойымша, өмірдің мақсаты- бақыт. Бақыт шаттыққа, даңққа, байлыққа, беделге, билікке... қатысты. Бірақ олар жеке түрде адамға бақыт бере алмайды. Бақыт адам мақсаты мен қабілетіне Байланысты болады, ал ол оның рухында жатады. Яғни біз бейне өз нысанын көздеген керемет садақшы секілді өз қалағанымызға қол жеткізумізге мүмкіндігіміз бар.
Мен: Философияның басқа ғылымдардан артықшылығы неде деп ойлайсыз?
Аристотель: “Шындығында даналық бүтіндей үстемдік құрушы, жетекші ғылым болғандықтан, басқа ғылымдар оған қарсы сөз айтуға дәрменсіз. Сондықтан да мақсат пен игілікті зерттейтін ғылым бірінші орынға қойылады”.Философияның пәні жалпы бола тұрса да, ол жекеленген заттардың (құрамды мәндері) – статуя, мемлекет, т.б. түсіндіре білу керек. Жекеленген заттардың болмыстығын сезім арқылы білсек, жалпының болмыстығы ой арқылы ашылады. “Метафизикада” және басқа да еңбектерімде заттарды табиғатын түсіндірудің төрт түрлі себептерін көрсеттім; материалды себеп, формальды себеп, өндіргіш себеп, мақсатты себеп. Мысалы: үй салудың бастамасы – құрылыс өнері, мақсаты, материясы (тас, кірпіш немесе жер), формасы (ұғым). Менің көзқарасым бойынша, заттың мәнін түсіндіруде осы аталған себептердің бәрі бірдей қамтылуы қажет. Жез мүсіннің мәнін түсіну үшін, әрине ең алдымен оның субстраты (материясы) алып қарастыру керек.
Мен: Бүгінгі сұхбат ерекше және мен үшін де, оқырмандар үшін де өте пайдалы, ғылым мен ілімге толы болды. Қорытындылай келе, мен өзіңізге қарай отырып, адам баласының бұл өмірге келгенде артынан кішкентай болсын пайдалы дүние қалдырып, оқу-білімге баса назар аудару екеніне тағы да көзім жетті. Сіз қалдырған пәлсапалық пайым жүйесі мен ғылыми зерттеу дәстүрі кейінгі діни мәдениеттерге, шығыс-батыс өркениетіне айрықша ықпал етті. Қазақтың ұлы ойшылы Абай Құнанбайұлы өзінің «Ескендір» поэмасында Ескендірдің көзтоймастығына салыстырмалы сіздің ғажайып даналығын айқын сипаттайды. Қалдырып кеткен іліміңізді жалғастырып дамытатын Әбу Насыр әл-Фараби секілді шәкірттеріңіздің көп болғанын тілеймін..

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет