2. Ыбырай Алтынсарин әңгімелері мен өлеңдерінің негізгі идеясы. Шығармалары оқушыларды неге тәрбиелейді?
Шығарма тақырыбы
|
Тәрбиелік мәні
|
«Бай баласы мен жарлы баласы»
|
Шыдамдылық, батылдық, сабырлылық, тапқырлылық, көрегендікке тәрбиелейді. Еңбекке деген қоғамдық, таптық козқарасты бейнелейді.
|
«Атымтай Жомарт»
|
Қайырымдылыққа, қарапайымдылыққа, мақтаншақ болмауға, азды қанағат етуге тәрбиелейді. Еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі өзгеше болады. Төрт түлігі сай бола тұра еңбек етуді, кем-кетік, жетім-жесірге көмектесуді ұмытпаған, тапкан малды орынды жұмсай білген Атымтай Жомартты жастарға үлгі етеді
|
«Әке мен бала»әңгімесі
|
«Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың,азға қанағат етпесең,көптен құр қаларсың», - дейді.
|
«Асыл шөп» әңгімесі
|
Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, аты «сабыр» деген, -дейді. Сабырлылық, шыдамдылық, төзімділік, ұстамды болуға үндейді.
|
«Бақша ағаштары» әңгімесі
|
Тәрбие бағу-қағудан басталады деген ойды меңзейді. Тәрбиелі болуға, адамгершілікке, үлкенді сыйлауға үйретеді.
|
«Байұлы» әңгімесі
|
«Батаменен ер көгереді», «Баталы ұл арымас» - деген халық қағидаларының өміршеңдігін әңгімеге арқау етіп, жастарды қайырымды, ізгі жүректі болуға, жоқ-жітік, жетім-жесірге қамқоршы болуға үндейді.
|
«Тәкәппәрлық » әңгімесі
|
Кішіпейілділіктен опық жемейсің, тәкәппарлық ұятқа қалдырады.
|
«Мейрімді бала», «Шеше мен бала», «Аурудан аяған күштірек» әңгімелері
|
Мейірімділік, рақымды болу, адамға жаксылык ету, төзімділік сияқты жақсы қасиеттерге баулиды. Бала әке-шеше алдында өзін мәңгі қарыздар сезінуі керек.
|
«Салақтық» әңгімесі
|
Балаларды жарамсыз әдеттен жирендіру, талабында жүргізілетін «Жирен жаман әдеттен» циклі үшін таптырмайтын тақырып.
|
«Өрмекші,құмырсқа, қарлығаш» әңгімесі
|
«Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш құрлы жоқсың, сенде еңбек ет, боска жатпа»-дейді. Оқушыларды еріншектік, жалқаулықтан бойларын аулақ ұстауға шақырады.
|
«Таза бұлақ» әңгімесі
|
Адамгершілікке, ақылға, жақсы істен ғибрат алуға, жақсылық жасауға, мейірімділікке тәрбиелейді.
|
«Алтын шекілдеуік» әңгімесі
|
«Не нәрсенің де құр сыртына қарап қызықпа, асылы ішінде болар»
|
«Аурудан аяған күштірек» әңгімесі
|
Адамның шыдамдылық, төзімділік сияқты тамаша ерік-жігер қасиеттері, олардың сыр-сипаты сөз болады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |