Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Филология факультеті
СӨЖ Тақырыбы: Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі мен «Өмір жорығы» әңгімесін талдау
Орындаған: Құдайберген А.Б. Тексерген: Абдикулова Р.
Алматы, 2023 ж. Жоспар: 1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
3.Қорытынды
4.Әдебиеттер тізімі
Кіріспе Ғабит Мүсірепов өз жолында көпті көрген,қаламынан тек ерекше сөздер ағылған парасат майдангері десем артық болмас.Білімді,қайсар мінез,қаламын шыншылдықпен ұштастырған жазушы орыс классиктерін де жақсы білген.Өзінің «Автобиографиялық әңгімесінде» былай дейді: «Мен орыс классиктерін рабфакта жүргенде ұғынып шықтым. Әсіресе Горький, Гоголь, Чехов сынды жазушылардың бағыты ойыма қона беруші еді. Рабфакты бітірген соң жазу талабы мені де оята бастады». Ғабит Махмұтұлының тікелей әдебиетпен шұғылдануына тікелей ықпал еткен адам - өз жерлесі Сәбит Мұқанов еді. Өмірде де, әдебиет әлемінде де үзеңгілес болған алыптар тобының көрнекті тұлғалары өмір бойы достық, туыстық қарым-қатынаста болды. Сәбең Ғабеңе «жазуға кіріс» деп әрдайым мазалайтын. Ал осы жазушылық жолына түсуіне алғашқылардың бірі болып ықпал еткен Бейімбет Майлиннің ықпалы ерекше еді.
Қаламгердің қаламынан шыққан «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақансері-Ақтоқты», «Амангелді» пьесалары мен «Қазақ солдаты», екі томдық «Оянған өлке», «Ұлпан», «Жат қолында» романдары, «Кездеспей кеткен бір бейне» поэмасы келер ұрпаққа рухани азық екені сөзсіз. Осы орайда Ғабит Мүсіреповтің көркем әдебиетке берген бағасы жайлы не айтқанын ортаға салсақ деймін.
«Қадірлі қаламдастар! Қай халықтың болсын көркем әдебиеті мен көркем өнерін тексерсеңіз де, қай заманда болса да сол халықтың қадір-қасиетін, сырын ашып, рухани бейнесін жасағанын көреміз. Дүниежүзілік толқыныстарға, аумалы-ауыспалы өзгерістерге бұрын сол халық қандай дәрежеде қатынаса алған, қазір қандай еңбегімен ортақ саналады, осындай әлеуметтік оқиғалардың іздері көбінесе толығырақ әдебиетте қалмақ. Бұрын Абайы, Шоқаны, Ыбырай, Махамбеті болса бүгін Абайы, Шоқаны, Ыбырай, Махамбеттері барларын көркем әдебиет пен көркем өнер көрсете алады. Әсіресе көркем әдебиет өз халқының рухани аттестациясы саналады. Жазушылар одағы ғылым ордаларымен тең дәрежеде ұстап, ғылым негізінде материалдық өндірістің әрекетінде болса, ақын-жазушылардың еңбектері сана-сезім, жан-жүрек толғаныстарымен кіндігі бір адам рухының салқын самалы, жылы жаңбыры, шуақ күні..». Алыстаған сайын асылға айналған заңғар жазушының адами болмысы, қайраткерлік қасиеті, қаламы шыңдалған сөз шеберлігі, өнер мен әдебиетке, кино мен драматургия саласына қосқан үлесі өлшеусіз мол. Асқан парасат пен адамгершілік иесі Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Социалистік Еңбек Ері, қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, Қазақ Ұлттық Академиясының академигі Ғабит Мүсіреповтің қалдырған мол мұрасы ұлтымыздың баға жетпес байлығы деп білемін.