Сөж тақырыбы: Мүсіреповтің «Кездеспей кеткен бір бейне» повесі мен «Өмір жорығы» әңгімесін талдау



бет2/2
Дата18.10.2023
өлшемі79,01 Kb.
#118514
1   2
Байланысты:
Құдайберген Аяжан 1 сөж жанр типологиясы

Негізгі бөлім
Бізге талдауға берілген екі шығарманың да өрімі кең,ойы терең, талдауы қиын шығармалар дер елім. Өйткені,Ғабеңнің қаламынан туған кез келген ойдың терең мағыналы әрі түсінуге қиын,астарлы ойды жасырар шығармалар екендігі жасырын емес.Екі шығарманы салыстырар болсақ,”Кездеспей кеткен бір бейне”-бір сюжет желісіне құрылған,нақты кейіпкерлері бар.Тіпті мұнда Еркебұланның Ақлимаға деген мөлдір махаббаты да суреттеледі.«Кездеспей кеткен бір бейне»шығармасының басты кейіпкері Еркебұланарқылы Сәкен Сейфуллин өмірінің бір эпизоды алынған. Сәкен өлімін домбыра ішегінің үзілуі арқылы берген бұл шығарма – ақындық шабыттан туған шығарма деп айтуға келеді.Тіпті мұндағы Сәкен Сейфуллин жайлы жазылғандығын оның “Тар жол,тайғақ кешу” шығармасындағындай мемуарлық жанрдың дәстүрінде жазылғанын да байқауға болады.Яғни, Ғабит Мүсірепов шығарманы жазуда философиялық-публицистикалық топшылаумен көп нәрсені қисынды түрде жеткізген. Бұл шығармада басты кейіпкердің өмірін баяндау арқылы қазақ ауылының шын мәнісіндегі өмір шындығы да суреттеліп,шындық тұрпаттарымен астарлы дүниелер астасып жатыр. "Кездеспей кеткен бір бейне" повесі жазушының шын зергерлігін танытқан повес. Бұл повесте жазушы азамат соғысы жылдарындағы қазақ ауылындағы өмір шындығын айқын суреттейтін айта отырып,тарихи шындықты да жазғандығын байқаймыз,оқиғаны байсалды түрде жеткізу үшін кейіпкерлерді шайнаған сүттің қаймағы ретінде көрсетіп,шоғам шындығын қайнаған сүт бұрқылындай жанталаспен жеткізген. Сүт түбіндегі күйген қаспақ әдеттегідей жасырын тұрған тарихи шындық.Мұндағы көркемдік- ол жазушының сөз саптауы,көркемдік ойлау дәрежесі мен астарлап жеткізу шеберлігі дер едім.Ал, екінші шығарма “Өмір жорығына” келер болсақ,бұл шығармада баста айтқандай нақты кейіпкерлер жоқ,повесті түсіну маған қиынырақ болды.Өйткені мұнда тек Көкқасқаның ғана аты аталып,оқиға соның айналасында ғана өрбіді.Түсінгенім бойынша осы бір Көкқасқаның жан-жағында болып жатқан оқиғаларды баяндау арқылы,сол кездің өмір тынысын,тіршілігін суреттеген секілді.Яғни,бұл шығармада жазушы өзгеше,өзіне тән стильдік ерекшелікті қолдана отырып,оқырманға көп дүние жеткізгісі келгендей көрінді.Әрбір адамдардың істеп жатқан тірлігін “Көкқасқа секілденіп” дегендей тіркеспен оның жасап жатқан әрекетін суреттеген.Сонлағы Көкқасқасы балық-ау шамасы,түйгенімше. “Көкқасқа сияқты ерен аталықтар да қолма-қол жұмысқа кірісіпті. Қарны шермеңдеген қай аналықтың жұмысы өнбей жатса, дереу соның ұясын жасасып, су табанын миллиондаған шұқырға айналдырып жіберді.” . Осы бір жолдардан балықтардың жасап жатқан тірлігі арқылы ауыл адамдарының тірлігін көрсеткендей болды.Жалып жазушының шебер суреткер екендігі бұл шығармада қатты көрінді.
Көкқасқа ұзақ көшті сонау бір құламадан асырып салды да кейін оралды. Әр шұңқырда ата-анасыз қалған миллиондаған жас ұрпақты қорғап-қоршап өсіріп, өндіріп теңізге алып қайту үшін қалды.
Әлдебір балықшының қармағына өзі ілігіп қалмаса, сол ұрпақты бастап өмірі бай, терең теңізге ораларын Көкқасқа қалтқысыз сезінетін сияқты.”
Повес осылай қорытындыланды.Мұндағы балық - қазақ елі,Көкқасқа - зиялылар,балықшы-елге қауіп төндіруші тарихи жауларымыз.Иә,мен осындай көрініс көрдім.Бұл нәрсені ұғынғасын шығарманы қайта оқу,түсіну қиынға соқты.Бұл ешкімнің дәлелдеуінсіз өз ойым,өз топшылауым.Екі шығарманың ұқсастығы екеуі де ел шындығын,халықтың хәлін,қиын тағдырын бейнелер шығармалар.Екеуі екі түрлі жеткізілгенімен қаламгердің өзіндік стилі бәрібір білініп тұрады.

Қорытынды
Ғабит Мүсірепов – қысқа көлемді әңгіме шебері, шынайы, артық сөзсіз туындыгер қаламгер.Шын мәнісінде оқырман жүрегінің төрінен қалтқысыз орын ала алатын,оқырманға бар дүниені көркем сөзбен жеткәзе білетін жазушы дер едім.
Жазушының өнер жолын саралай келіп, белгілі сыншы-ғалым З.С. Кедрина:«Ғ.Мұстафин – тың тақырып, соны жаңалыққа алдымен баратын батыл да ізденімпаз жазушы», – деп бағалаған.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. https://itest.kz/kz/ent/qazaq-adebieti/xx-hasyrdyng-i-zhartysyndahy-qazaq-adebieti/lecture/sabit-muqanov-habit-musirepov-habiden-mustafin-shyharmalary

  2. https://bilim-all.kz/article/15721-Omir-zhorygy

  3. https://zharar.kz/jospar/id/6764


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет