Дифференциальды - диагностикалы орталар қайсы-бір микроорганизм түрлерін олардың ферментативті және дақылдық қасиеттері бойынша шектеуге қолданады. Оның құрамына мына компоненттер кіреді: негізгі қоректік орта - бактерияның өсуін қамтамасыз етеді, белгілі бір көмір-қышқылы, түрлі-түсті индикатор. Дифференциалды-диагностикалы орталарға Гисс, Рессел, Эндо, Плоскирев, висмут-сульфат агары ортасы жатады.
Қоректік орталарды келесі әдіспен стерильдейді:
1) Жоғарғы қысымдағы бу арқылы /автоклавта/ стерильдеу.
2) Кох аппараты және автоклав арқылы ағынды бумен стерильдеу.
3) Механикалық стерильдеу /фильтрлеу/.
Орталадың стерильдігін бақылау үшін 370С-та 5 тәулікке термостатқа қоямыз. Сұйық қоректік орталар мөлдір болуы тиіс, ал тығыз қоректік орталардың беткейінде өсу белгілерінің болмауы тиіс
Достарыңызбен бөлісу: |