Сөж тақырыбы: Оқушылар арасындағы жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу


Балалар мекемелерінде дезинфекция шараларын жүргізу



бет3/3
Дата15.12.2023
өлшемі0,65 Mb.
#138103
1   2   3
Балалар мекемелерінде дезинфекция шараларын жүргізу.

Дезинфекция – (француз тілінде des- теріс жалғауы және латын тілінде Infec – инфекция) – бұл адамды қоршаған ортадағы патогенді бактерияны, вирусты, риккетсилерді, қарапайымдыларды, саңырауқұлақтарды және олардың токсиндерін жою. Дезинфекцияның мақсаты зақымдалған объектілердегі (аурулардың бөліністері, бөліністерге арналған ыдыстар және тағамдар, киімдері, бөлме, тұрмыс заттары және т.б.). Инфекция қоздырғыштарын жою болып табылады.
Бөлмені желдеткенде 15 минуттан кейін ауадағы микроорганизмдердің саны қүрт азаяды да, ал 30 минуттан кейін олар тіптен болмайды, себебі бөлменің ауасы сыртқы патогенді микробы жоқ таза ауамен толық ауысады.
Өндіріс орындары емдеу-профилактикалық мекемелері кеңінен қолданатын арнайы вентиляция қондырғыларын шығарады. Балалар мекемелерінде грипп, күл, желшешек, қызамық және басқа да жұқпалы аурулардың қоздырғыштары қоршаған ортаға төзімсіз жұқпалы аурулардың профилактикасы кезінде желдету өте маңызды орын алады.
Тәжірибеде көбінесе дезинфекциялық ерітінді немесе аэрозолдарды қолдану арқылы ылғалды әдіспен жүргізіледі. Төсек-орын, ойыншық, ыдыс-аяқтары ерітіндіге салу арқылы, қабырға мен жиһаздарды және т.б. сүрту арқылы залалсыздандыру жүзеге асырылады. Аэрозолдарды ауаны залалсыздандыру үшін қолданады.
Дезинфекцияда химиялық қосындылардың әр түрлі топтарына жататын көптеген бактериоцидтер пайдаланады бұлар: галоид құрамды заттар, қышқылдар, спирттер, фенолдар, жуғыш заттар, негіздер (гидроксидтер) және т.б. қолданылады.
Балалар мекемелерінде инфекциялық науқастар болмаса – профилактикалық дезинфекция,ал инфекциялық науқас болатын болса алдымен ағымды,ал госпитализацияланғаннан кейін – қорытынды дезинфекция жүргізіледі.
Балалар мекемелерінде инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында санитарлық – эпидемиологиялық шараның жүргізілуіне міндетті медициналық қызметкер бөлінеді.Түскен балаларды қарайтын бөлмелерде жұмыс аяқталған соң, желдетумен қоса ылғалды жуу жүргізіледі. Бөлме еденіне 3% хлорамин ерітіндісі құйылады.Медициналық құрылғыларға механикалық өңдеу жүргізіледі.Бөлме ішіе және жихаздарына күніне 2 рет жылы сумен, сабынмен, натрий карбонатымен ылғалды жуу жүргізіледі.Тазалау жұмыстарына қолданылған щеткаларды ыстық сумен немесе 1% хлорлы әк ерітіндісімен, 0,5% хлорамин ерітіндісімен өңделеді.
Балалар мекемелерінде саңырауқұлақ инфекциялары анықталған жағдайда балаларды басқа топтарға жіберіге болмайды.Карантин біткенге дейін балаларды және қызметкерлерді күн сайын медициналық қызметкерлер тексеріп тұрады.
Балалар мекемелерінде ит пен мысықтарды ұстауға тыйым салынады.Балалар мекемелерін тексерген кезде дезинфекциялық ерітінділердің дұрыс дайындалуын,сақталуын және де ойыншықтар мен ыдыстарға,горшоктардың,тамақтану үстеліндегі кленкалардың дұрыс жуылуына мән берілу қажет.
Қорытынды


Радщиоактивті сәулелену адам өмірінде өте маңызды сатыда орналасқан. Келер ұрпақтың мәселесі қазіргі таңда өте күрделі , себебі техника дамуы күн сайын жеделдетірілуде. Сондықтан алдын – алу шараларын уақытында қолданысқа енгізсек жақсы болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет