Сөж тақырыбы: Оқушылар арасындағы жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу



бет2/3
Дата15.12.2023
өлшемі0,65 Mb.
#138103
1   2   3
 
Желшешек – баланың терісіне, шырышты қабаттарында көпіршік тәріздес лимфаға толы бөртпе шығып, кейіннен бұл бөртпелер кеуіп, орнына ққабықшалардың қалуымен сипатталатын инфекциялық ауру.
Ошақтағы шаралар:
1.Ауруды оңашалау-5 күн, бөртпе шығуы тоқталғанша.
2.СЭС-ке №58 форма бойынша хабар беру.
3. Ауру баламен қарым-қатынаста болған балаларға 21 күнге карантин тағайындау., бөлмесінің тесіктерін екі жақтан желімдеп жабу.
4. Бөлмені жиі желдетіп, сүртіп тұру.
5.Санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу.
Скарлатина
Скарлатина жалпы жағдайдың бұзылуымен, жұтқыншақта баспаның белгілерімен және қызғылт түсті түрінде нүкте тәріздес бөртпе пайда болуы сипатталатың жұқпалы ауру.
Ошақтағы шаралар:
1. Ауырған бала 10 күнге оңашалады.
2. СЭС-ға № 58 форма бойынша хабар береді
3. Аурумен қарым-қатынаста болған балаларға 7 күнге карантин тағайындалады.
4. Инфекция ошағында дезинфекция өткізіледі.
5. Санитарлық –ағарту жұмысы.
6. Әлсіз жиі ауыратын балаларға –глобулин егіледі.
7. Балалардың ауруға төзімділігін көтеру шаралары.
Жұқпалармен күресу жолдары:
Жұқпалармен күресу жолында келесі шаралар бар: олардың алдын алу, айқындау, орнықтыру және эпидемиялық ошақтарды жою. Орнықтыру және эпидемиялық ошақтарды жою жолында медициналық тексеру кезінде және медициналық көмекке адамдардың келгенінде уақытында жұқпаның көзін (ауруларды, тасымалдаушыларды, реконвалесценттерді) айқындау керек. Айқындалған ауру туралы СЭС шұғыл хабарлама телефон арқылы беріледі және № 58–у қалыпы жіберіледі. Жұқпамен ауыратын адамды үйінде немесе ауруханада оңашалап емдеген тиіс. Дифтериямен, вирусты гепатитпен, менингококк жұқпасымен ауыратын балалар мінлетті түрде ауруханаға жатқызылады. Эпидемиялық ошақта жұқпаның пайда болуын және қарым – қатынаста болған адамдарды анықтау мақсатымен эпидемиялық зерттеу өткізіледі көрсеткіштерге байланысты клиникалық-лабораторлық зерттеу өткізіледі. Қарым – қатынаста болған адамдар бойы бақылау өткізіледі. Бақылаудың ұзақтығы жұқпаның инкубациялық кезеңіне, жұқпаның берілу жолдары ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді.
Жұқпалармен күрес жолында маңызды орын қоздырғыштың берілу жолдарын бекіту шараларына беріледі. Қоздырғыш түріне байланысты залалсыздандыру (алдын алушылық, күнделік, қорытынды), бұқырлау (дезинсекция), дератизация, медициналық заттарды және құралдарды зарарсыздау өткізіледі. Күнделік залалсыздандыру аурудың ауруханаға жатар алдында немесе жұғушылық мерзімі біткенше дейін мейірбикенің бақылауымен өткізіледі. Қорытынды залалсыздандыру науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін қалалық дезинфекциялау стансасы қызметкерлерімен өткізіледі. Залалсыздандыруды ішек жұқпаларынан, дифтерия, полиомиелит, жұқпалы гепатиттен кейін өткізеді. Тұрақсыз қоздырғыштармен шақырылатын аурулар кезінде ылғалды жинау және бөлмені желдету өткізіледі. Ас қорыту мүшелер арқылы берілетін жұқпалардың алдын алу үшін тамақ, су, канализация, жеке бас және қоғамдық гигиенасы бойынша медициналық бақылау өткізу керек. Санитарлық-ағарту жумыс өткізу - өте маңызды болып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет