Пациент проблемаларын анықтау. Ақпаратты жинап және бағалап мейірбике пациенттегі қандай білім тапшылығының бар екенін біледі.
Пациент проблемаларын анықтау. Ақпаратты жинап және бағалап мейірбике пациенттегі қандай білім тапшылығының бар екенін біледі.
Оқыту мақсатын анықтау,оның мазмұнын жоспарлау.
Оқыту мақсатын анықтау,оның мазмұнын жоспарлау.
Дәрігер өзінің алдына үш мақсат қояды: танымдық,эмоционалдық және психологиялықаумақты қамтитын болуы қажет. Мақсаттар кез келген жағдайда нақты,реалды және қолжетімді болуы тиіс.
Қойылған мақсат 3 аспектіні қамту керек:
Пациент орындауы қажет, яғни оқытудың нәтижесі;
Уақыт шектігі, интервалы;
Кімнің және ненің көмегімен мақсатқа қол жеткіземіз( өз бетімен, туыстарының көмегімен, балдақтың көмегімен).
Мақсатты айқындау төмендегідей :
Мақсатты айқындау төмендегідей :
Танымдық аймақта – пациент 2 тәулік ішінде су балансы жайында біледі және түсінеді;
Психологиялық аймақта – пациент 6 тәулік ішінде өз бетімен су балансын анықтауда психологиялық дайын болады;
Эмоционалды аймақта – пациент 2 тәулікте су балансын қадағалаудың маңыздылығын дұрыс түсінеді
Кез –келген жағдайда мақсат нақты, жүзеге асатын және қортынды болатындай болуы қажет. Оқытудың маңыздылығын түсінгеннен кейін, мейірбике оқыту жоспарын дайындайды. Жоспарда оқыту уақыты( таңертең, түскі уақыт алдында, кешкі астан кейін) және ұзақтығы( 10 мин-тан 3 күн, 20 мин-тан 2 күн сайын) енгізіледі.
Үйрету схемасы 5 этаптан тұрады.
Үйрету схемасы 5 этаптан тұрады.
1.Ақпартты құрастырып алу.
2.Пациентпен бірге оның есінде не қалғанын қайталау
3.Пациент жасайтын іс-машықтарды көрсету.
4.Пациент үйренген іс-машықтарын қайталау.
5.Пациент мейірбике түсіндірген ақпарат пен іс-машықтарды өздігінен басынан аяғына дейін қайталап шығу.