Алиментарлық жол - жұқтырудың негізгі жолы болып табылады. Ал тағам өнімдері (жануарлардың еті, құс, балық, устрицалар, таңқышаяндар, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сүт және сүт өнімдері, көкөніс және жеміс-жидектер, крем өнімдері) жұқтырудың негізгі факторы болып табылады. Ауруды су арқылы жұқтыруға болады.
Алиментарлық жол - жұқтырудың негізгі жолы болып табылады. Ал тағам өнімдері (жануарлардың еті, құс, балық, устрицалар, таңқышаяндар, жұмыртқа және жұмыртқа өнімдері, сүт және сүт өнімдері, көкөніс және жеміс-жидектер, крем өнімдері) жұқтырудың негізгі факторы болып табылады. Ауруды су арқылы жұқтыруға болады.
Сальмонеллаларға микробиологиялық диагноз қою түрлері
Жеделдетілген
әдіс
Бактериологиялық
әдіс
Серологиялық
әдіс
Жеделдетілген әдіс:
ИФТ (иммунды-ферментті талдау реакциясы)
Vi – антигенін анықтау (Vi–гемаглютинациялық реакция)
ИФТ ИФТ дегеніміз антигендерді соларға сәйкес ферментпен белгіленген антиденелермен анықтау. Антиген ферментпен таңбаланған иммунды сарысумен қосылғаннан кейін, сол қосындыға ферментпен ыдыратылатын зат (хромоген) құйылады. Зат ферментпен ыдыратылып реакциядағы сұйықтың түсін өзгертеді. Байланысқан антигенмен антиденелердің саны неғұрлым көп болса, соғұрлым сұйықтың түсі күреңдеу болады.
Бактериологиялық әдіс Бактериологиялық әдіс – диагноз қоюдың негізгі түрі. Зерттеу материалы ретінде қан, құсық, асқазанның шайындысы, зәр, нәжіс алынады. Науқастанушылықтың бірінші күні қан алынады, оны өт қосылған ортаға немесе Раппопорт ортасына себеді. Себіндіні 37 °С температурада инкубациялайды. 3-5-7 тәулікте дифференциалды-диагностикалық (Плоскирев, Эндо, висмут-сульфит агар) орталарға себеді. Сальмонеллаларға ұқсас колониялар (мөлдір, жартылай мөлдір, түссіз немесе ашық қызғылт, висмут-сульфид агарда ортасы қара-сұрлау жасыл) табылса, олардың ферменттік қасиеттерін, сосын антигендік құрылымын О- және Н-сарысулармен әйнекше бетінде агглютинациялау арқылы идентификациялайды
Біріншілік себінді жасалған қоректік орталарда өскен колониялардың идентификациясын – бөлінген дақылдың таксономиялық маңызды көрсеткіштерін және туыстастық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіншілік беретін тесттердің жинағының көмегімен жүргізеді. Колонияларды Клигер агарына, өт қосылған ортаға, Симмонстың цитратты агарына, жартылай сұйық агарға себеді, соңғы пробирканың тығынына индолға индикаторлық сынама қояды. Екінші аптада зерттеу материалы ретінде несеп пен нәжіс қолданылады: капро- немесе уринодақылдар бөледі. Бөлінген дақылдарды сәйкесінше идентификациялайды. Salmonella typhi-ді Vi-фагтардың жинағымен фаготиптейді. Фаготипті анықтау – іш сүзегінің эпидемиологиялық бұрқетпесін анықтауда маңызды. Сонымен қатар 8-10 күндік науқастардың қанында О- және Н- антиденелері пайда болады, бұл кезде қосымша маңыздылығы бар серологиялық әдіс те қолданылады: О- және Н- диагностикумдарымен Видаль агглютинациялық реакциясы, ЖГАР
Сальмонеллезді емдеуде асқазанды жуу, диета, су-тұз алмасуын ретке келтіру үшін жасалатын шаралар жүргізіледі. Жеңіл немесе орташа ауырлықты дәрежесінде антибиотиктер қолданбайды, себебі оларды пайдалану дисбактериозға және аурудың созылмалы түріне әкелуі мүмкін., сонымен қатар антибиотикке тұрақты салмонеллалардың саны орасан көп.
Ауыр түрінде антибиотиктер тағайындалады (ципрофлоксацин, доксициклин, ко-тримоксазол т.б.). Сонымен бірге иммундытерапия, фагпен емдеу қолданылады.