Емдеуі және алдын алуы Алдын-алу үшін бейспецификалық - санитарлық-гигиеналық және санитарлық-ветеринариялық іс-шаралар жүргізіледі, яғни ет немесе жұмыртқаны өңдеу және сақтау технологиясын бұлжытпай орындау. Инфекцияның ошағында жедел алдын алу мақсатында іш сүзекті бактерифаг пайдаланылады.
Сальмонеллезді алдын-алу жөніндегі маңызды іс-шаралар:
Сальмонеллезді алдын-алу жөніндегі маңызды іс-шаралар:
-Тез бұзылатын тағам өнімдерін тоңазытқышта сақтаңыз; - Шикі және піскен ет, балық және көкөністерді өңдеу барысында бөлек асханалық тақтада және бөлек пышақ пайдаланыңыз; - Дүкеннен жұмыртқа сатып алғаннан кейін үйде оларды жуыңыз (сабын - содалы ерітіндісімен) және ұзақ уақыт термиялық өңдеуден өткізіңіз, қауызы бұзылған жұмыртқаны сатып алмау, сыртында қан тамшылары немесе көң іздері бар жұмыртқаны пайдаланбаңыз; -Тағамдардың пайдалану мерзімін және температуралық тәртіпті сақтаңыз. Дайын тағамдарды мүмкіндігінше бірден пайдаланған дұрыс.