Сөж тақырыбы: «Термодинамиканың негізгі заңдары мен теңдеулері»


Қайтымды және қайтымсыз процестер. Тұйық процестер (цикл)



бет6/9
Дата06.01.2022
өлшемі351,11 Kb.
#13950
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1.3 Қайтымды және қайтымсыз процестер. Тұйық процестер (цикл).

Егер термодинамиканың бірінші бастамасы энергияның бір түрден екінші түрге өзгергенінде байқалатын сандық қатынастарды көрсетсе, екінші бастамасы осы энергияның өзгерістері қандай жағдайларда жүзеге асатынын анықтайды, яғни процестердің қандай бағытта өтуі мүмкін екенін көрсетеді. Сонымен қатар термодинамикада тепе-тең күй ұғымы сияқты , қайтымды процестер ұғымының да ролі зор.

Қайтымды процесс деп кері бағытта өткізуге болатын процесті тура бағытта өткізгенде жүйе қандай күйлерден өтсе, кері бағытта сондай күйлер тізбегінен өтетін процесті айтады. Сөйтіп қайтымды процеске тек тепе-тең процестер жатады. Сонда қайтымды процесс әуелі бір бағытта, содан соң кері бағытта бірінен соң бірі болып отыратын тепе-тең күйлердің үздіксіз тізбегінен құрылуы, сөйтіп жүйені қоршаған денелерде ешқандай өзгеріс болмауы тиіс.

Тепе-тең емес процестер әрқашанда қайтымсыз процесс, дәлдеп айтқанда нақты процестер қайтымсыз процестер болады. Олар мейлінше баяу өте отырып, қайтымды процестерге тек жуықтай алады. Тұйық процесс деп жүйе бірсыпыра өзгерістерге ұшырағаннан кейін алғашқы күйіне қайтып келетін процесті айтады. Графикте мұндай цикл тұйық сызықпен кескінделеді(4-сурет) де, орындалған жұмыс сан жағынан қисықпен қоршалған ауданға тең болады. Бағыты сағат тілінің бағытында орындалатын циклдер оң, сағат тілінің бағытына қарсы циклдер теріс деп аталады.



Оң цикл сырттан алынған жылу мөлшерінің әсерінен периодты түрде жұмыс істейтін жылу двигательдерінде қолданса, теріс цикл сыртқы күштерге қарсы жұмыс істейтін суыту қондырғыларына қолданылады. Сөйтіп, циклді орындағаннан кейін жүйе алғашқы күйіне қайта келеді. Сондықтан күйдің кез келген функциясының , яғни ішкі энергияның толық өзгерісі нөлге тең болады. Сонымен тұйық процестегі істелетін толық жұмыс:

(20)
Мұндағы бірінші интеграл тұйық процестегі оң бағыттағы жұмысты анықтаса, екінші интеграл теріс бағыттағы жұмысты көрсетеді. Енді термодинамиканың бірінші бастамасын тұйық процестер үшін жазайық:
(21)
Мұндағы таңбасыы интегралдың тұйық процестер үшін алынғанын көрсетеді. Ал мөлшерін өте аз шама деп ұғамыз. Бұдан тұйық процес кезінде ішкі энергияның өзгерісі нөлге тең екенін ескеріп,
(22)
Одан алдынғы теңдеуді
(23)
Деп жазсақ бүкіл цикл кезіндегі істелген жұмыс, сырттан алынған жылу мөлшеріне тең болатынын көреміз. Бірақ тұйық процесте жүйенің жылуды алуы да , беруі де мүмкін:
немесе (24)
Мұндағы жүйенің қабылдаған, - жүйенің берген жылуы мөлшері. Сондықтан тұйық процес үшін термодинамиканыңпацдалы әсер коэффициенті:
(25)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет