Сөж тақырыбы: «Тоннельді егеп тазалау»


КЛАСС- кіші және үлкен азу тістердің контактілі бетіндегі қуыс



бет2/3
Дата07.06.2023
өлшемі0,63 Mb.
#99334
1   2   3

2 КЛАСС- кіші және үлкен азу тістердің контактілі бетіндегі қуыс

3 КЛАСС-күрек және сүйір тістер контактілі бетіндегі қуыс

4 КЛАСС-күрек және сүйір тістердің кесу қыры мен бұрыштарын қоса контактілі бетіндегі қуыс

5 КЛАСС-тістердің еріндік,ұрттық және тілдік беттеріндегі сауыттың мойындық бөлігінің қуысы

6 КЛАСС-алдыңғы тістердің кесу қыры мен артқы тістредің шайнау бетіндегі төмпелеріндегі қуыстар

Егеп тазалау жұмыстары

Тіс жегін емдеу барысында егеп тазалау жұмыстары өте маңызды.Себебі, бұл тіс жегі рецидивін болдырмауды және пломбалық материалдың жақсы орнығуын қамтамасыз етеді.Тіс жегі қуысын егеп тазалағанда тіс қуысында мынадай элементтер болуы қажет:

  • Қабырға
  • Табаны
  • Жиегі
  • Бұрышы

2 КЛАСС қуыстарын егеп тазалау әдістері

  • Қосымша аудансыз
  • Қосымша ауданмен
  • Медио-окклюзио-дистальды қуыс
  • Тоннельді әдіс

Тоннельді егеп тазалау әдісі

Тоннельді егеп-тазалау Блек бойынша 2классты егеп- тазалаудың окклюзиондық жолы.Ерекшелігі тістің шайнау бетінің маргиналды қыры сақталуын қамтамасыз етіледі, яғни тіс қырынан 2-2,5мм қашықтықтағы шайнау бетінен тоннель жүргізу болып табылады.Оны окклюзионды-апроксималды тоннель деп атайды.Тоннельд егеп-тазалау жұмысы апроксималды беттегі тіс жегі экватордан төмен және мөлшері бойынша кішкентай болғанда жүргізіледі.Бұл әдістің кемшіліктері де бар, мысалы некроэктомия жүргізі кезінде толыққанды визуалды бақылау жүргізу қиындығы және тіс қуысын ашып алу қауіпі, әсіресе жас адамдарда.

Реставрация жүргізу үшін Блек бойынша классикалық жолмен тісті егеу тістің қатты тіндерінің өте көп бөлігін алуды қажет етеді.Алайда кейінгі жылдары халықаралық стоматологтар конгрессінде бұл жол қайта қарастырылып, минималды әсер ету, яғни тіс тіндеріне минималды оперативті әсер ету және сұйық жоғары адгезивті, шыныиономерлі пломбалық материалдарды қолдану алға қойылды.Сонымен, тоннельді егеп-тазалау әдісі дегеніміз тікелей тістің ақау орнын егеу.Тоннельді егеу барысында апроксималды беттегі тіс ақауына жету үшін шайнау бетінен домалақ немесе сопақ тоннель түріндегі тесік жасау керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет