Сөж тақырыбы: Топырақтану ғылымының жалпы табиғи және қолданбалы ғылымдармен байланысын



бет1/3
Дата13.02.2023
өлшемі189,1 Kb.
#67609
  1   2   3
Байланысты:
Гаппарова Д Т Топырақтану сөж


Қазақстан Республикасының білім жəне ғылым министрлігі
əл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті: « География және табиғатты пайдалану »
Кафедрасы: «Кадастр»
СӨЖ
Тақырыбы: «Топырақтану ғылымының жалпы табиғи және қолданбалы ғылымдармен байланысын
айқындау»

Орындаған: Гаппарова Д
Тексерген: Сағымбай Ө.Ж
Алматы 2021
ЖОСПАР


  1. Кіріспе.......................................................................................................................



  1. Топырақ...................................................................................................................

    1. Топырақ туралы түсінік.....................................................................................

    2. Топырақтың табиғаттағы орны мен маңызы...................................................



  1. Топырақтану ғылымының басқа ғылымдармен байланысы......................



  1. Топырақтану ғылымының қолданбалы ғылымдар ішінде және халық шаруашылығының басқа салаларында алатын орны...................................



  1. Ғылыми терминдердің анықтамалары.............................................................


КІРІСПЕ
Тақырыпты тереңінен алып қарастырмас бұрын, әр құраушы негіздерге тоқталып өткім келеді. Талдап отырған тақырыбымызға үңілмес бұрын, берілген талдамамыздың құраушысы болып тұрған басты объект – топырақтану ғылымына анықтама беріп өтемін.
Топырақтану - топырақ және оның құрылымы, құрамы, қасиеттері және географиялық таралу заңдылықтары, түзілуі, табиғаттағы орны, экологиясы, тиімді пайдалануы мен жақсарту жолдарын зерттейтін ғылым. Топырақ - адамзат үшін өлшемі жоқ, баға жетпейтін байлық және құрлықтағы биоценоздар тіршілігінің негізі.
Ішінара топырақтану қоршаған ортамыздағы табиғаттың мүшесі болғандықтан, ол барлық ғылым салаларымен тығыз байланыста болып келеді. Сондықтан, топырақтың маңызы зор. Осы жұмысымда ғылымдардың бір – біріне тәуелділігін, байланысын және өзара әрекеттесуін талдаймыз. Адамзат қажетті азықты, жеңіл өнеркәсіп үшін шикізатты өсімдік және жануарлар көмегімен топырақ арқылы алады. Жер бетінде топырақ нағыз асыраушы болу үшін, оны терең білу қажет, оның құнарлығын кемітпей, үздіксіз арттыра отырып пайдалану керек. Сондықтан бұл мәселелерді шешу жолдарын адам баласы үнемі іздестіріп келеді. Адам баласы ең алғаш жерді егіншілікке пайдалана бастағанда, топырақ туралы түсінік болмаған, топырақ жер деген ұғым ретінде қалыптасқан.
Әлемнің әр сала ғалымдары топырақ түзуші факторлардың бірін ғана топырақ түзілуінің жалғыз айқындаушы факторы ретінде ұсынған.
В.В. Докучаев болса топырақтың қалыптасуы барлық факторлардың бірлескен әрекетінің нәтижесінде жүретінін дәлелдей отырып, топырақ туралы ұғым оның генезисі (түзілуі тегі) туралы түсінікпен тығыз байланысты екенін көрсетті.
Сондықтан Докучаевтың топырақ туралы ілімі генетикалық топырақтану деген атау алды. Топырақ-географиялық зерттеулердің Докучаевтік әдіснамасы кез-келген табиғи денені немесе құбылысты жеке алғанда және статикада емес, міндетті түрде оның уақыт ішінде және қоршаған ортамен жан-жақты байланыста қарастырады.
Топырақты зерттеудің негізгі әдісі – салыстырмалы-географиялық, яғни әртүрлі географиялық жағдайлардағы топырақ пен топырақтүзуші факторларды қатар, бір уақытта зерттеп, соңынан сәйкестіктерін анықтау әдісі. Бұл әдісті қолдану топырақтардың генезисі (тегі) және олардың географиясы туралы негізделген тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет