Емі. Ауруға шалдыққан малды емдегенде, желінге үрпі арқылы ауа жіберіледі. Ем жасау үшін сиырды бір жағына жатқызады да, желінді сүттен босатады. Содан кейін үрпіні спирттің ерітіндісімен тазалап, залалсыздандырады. Үрпіге арнайы жасалған катетер енгізіледі. Катетердің екінші ұшы Эверс аппаратымен жалғастырылған, сол арқылы біртіндеп ауа жіберіледі. Ауа желін түгелдей тырсиып толғанша жіберіледі. Бұл кезде желіннің қыртыстары тегістеледі. Емдеу барысында желіндегі ауаның тез арада қайтадан шығып кетпеуін бақылайды. Егер үрпінің тесігінен ауа шыға бастаса, онда оны дәкемен 2-3 сағатқа байлап қою қажет. Ауамен толтырылған желін кәдімгі допша тырсиып тұрса, емдеу нәтижелі болады. Ем дұрыс жүргізілген жағдайда ауа үрлегесін 20-30 минут ішінде сиыр орнынан тұрып жем-шөп жей бастайды, бірақ ол аурудан тез жазыла қоймайды. Мал денесінің дірілі біртіндеп басылады.

Егер желінге ауа жіберуіден нәтиже шықпаса, онда малдың күре тамырына 20-дық глюкоза ерітіндісі (200-400 мл) мен 10-дық хлорлы кальций ерітіндісін 100-400 мл немесе 10-дық глюконат 100-200 мл мөлшерінде жібіріледі, ал тері астына 20-дық кофеин-бензоат натрий (15-25 мл) егеді.

Төлдеуден кейінгі талықсуды желінге ауа жіберіп немесе күре тамырына глюкоза немесе кальций енгізгенде сүт цистернасының, сүт жолдарының және қан тамырларының қабырғаларында орналасқан баро-және хеморецептарлар тітіркенеді. Осы тітіркенулерге жауап ретінде қан қысымы, дем алудың жиелігі өзгереді, ал ең бастысы тез арада бас ми қабығының реактивтігі қалпына келеді, осының әсерінен организм жүйелерінің барлық функциясы қалыптасады.
Парезге ұшыраған малға ауыздан дәрі ішкізуге болмайды. Жұтқыншақтың параличке ұшырауына байланысты дәрі ішке кетпей, өкпеге кетуі мүмкін. Ондай жағдайда мал тұнғышып, жағдайы бастапқыдан да қатты нашарлайды.