Ветеринарлық резеңке қолғаптар киген жөн. Оң қолды дайындаған соң сол қолмен шығып тұрған плацента бөлігін ұстап айналдырып алады. Оң қолды жатырға кіргізіп шұдырайған тамырлар бойымен төлдік плацента беку орындарын тауып ағытады. Шуды алған соң жатырға 0,5 л люголь ерітіндісін енгізген пайдалы, сондай-ақ пенициллин, стрептомицин, стрептоцид, жатр таяқшаларын, метромакс, экзутер, нитрофуран енгізеді. Жатырда шіру үрдісі болмауы кезінде шуды алудың құрғақ тәсілін қолданған тиімді деп саналады, осы ккезде жатырға ешбір ерітінді енгізілмейді. Эндометриттердің алдын алу мақсатында 5-7 күн бойы консервативтік емді жалғастыру керек.

Биелерде шуды құлын туған соң екі сағаттан асырмай ала бастау керек. Бір қолмен туу жолдарынан шығып тұрған шу бөлігін ұстап, екінші қолды жатырға енгізеді. Саусақтарды баяу, бірте-бірте енгізе отырып крипталардан түктемелерді айырады. Жартылай түспеу кезінде жатыр қуысында пішінсіз қабыршақ тәріздес туындылар байқалынады, егер плацента ыдырауымен бірмезгілде атония байқалса бірден жатыр дәрілерін беру керек. Жатырды шаю кезінде асептика, антисептика заңдарын қатаң ұстанған жөн. Тері астына 1% майлы синестрол (3-5 мл) ерітіндісін егеді.
Жатырдың түсуі (айналуы) (Prolapsuset infetsio uberi) – туудың шиеленісуі. Көбіне сиыр мен ешкіде, сирек бие және мегежінде кездеседі.
Жатырдың түсуі (айналуы) (Prolapsuset infetsio uberi) – туудың шиеленісуі. Көбіне сиыр мен ешкіде, сирек бие және мегежінде кездеседі.
Себебі күшті толғақтар мен күшенулерде, үлкен төлді күштеп тартып шығарғанда, асырау мен күту кезіндегі қателіктер.
Клиникалық белгілері. Жатыр айналуына ерекше белгілер тән емес. Мал тынышсызданады, өзін түйнелу кезіндегідей ұстайды.
Жатырдың толық түскенінде сыртқы жыныс органдарынан дөңгелек немесе алмұрт тәрізді масса шығып тұрады, кейде шабар буынға дейін түседі.
Емі әдетте мамандар көмек көрсетеді. Жатырдың толық түскенінде басында қызыл түсті, кейіннен қоңыр түсті болады.
Әдетте мал жатады, сондықтан түсіп қалған жатыр астына клеенка немесе шүберек төсейді. Содан кейін эпидуриальды құйрық анестезиясын жасайды. Жатыр қатпарларының бірнеше жеріне 0,5-1 см тереңдікте окситоцин сиырға 60 ҚӨ, ұсақ малдарға 5-20 ҚӨ мөлшерінде енгізіледі. Жатырды жуады және ваготил (2), квасцы (3), фурациллин 1:5000) ерітінділерінің біреуімен өндейді. Жатыр жарасына тігіс салады. Окситоцин еккеннен кейін 5 минут өткесін, жатыр көлемі 30 кішірейеді, тығыздалады және орнына жеңіл салынады.