XVII ғ. аяғында бір белігі Орта Азия қалаларынан сатылы алынған, бір белігін қазақтардың өздері жасаған мылтықтар пайдаланыла бастады. Мылтықтардың білтемен атылатын жән күмістен әшекей салынған — білтелі мылтық, әшекейсіз — қара мылтық, қысқа ұңғылы — самқал деген бірнеше түрі болды. Оғы жеті жүз метрдей жерге жететін қысқа ұңғылы мылтық «қозы кеш» деп аталды. Оқ-дәріні қазақтардың өзі әзірледі, бір бөлігін көрші елдерден сатып алды. Қайың сырғауылдарынан жасалатын сойылдар мен шоқпарлар пайдаланылды, бірақ, соғыс кезінде олар сирек қолданылды.

Қазақтардың тамағы негізінен ет және сүт өнімдерінең құралды. Сүт тағамы әр түрлі болды. Бие сүтінен — қымыз, түйе сүтінен — шұбат дайындалды. Сиырдың, ешкі мен қойдың сүті негізінен алғанда айран ұйытуға, май пісуге, әр түрлі құрт, ірімшіктер жасауға пайдаланылды.

Қазақтардың сүйсініп-ішетін сусындарының бірі — айран болды. Айранға су араластырылған сусынды «шалап» деді. Күбіде пісіп, сүттен май алды. Ол майдың ұзақ сақталуы үшін оны суық сумен шайып, тұздап, қарынға салды. Қазақтардың тағам түрлерінде құрт-ірімшіктер маңызды орын алды. Ашыған айран жиынтығынан сығымдалып, күнге кептіріліп жасалатын құртты қысты күндері ыстық сорпаға ерітіп ішті. Сүттен сары ірімшік, ақ ірімшік және басқа тағамдар жасалды.