Халықтың сауаттылығы. XIX ғ. ортасына дейін қазақ балаларын оқыту — құран сүрелерін ұғынбай жаттап алу басты жетістік саналатын мектептерде жүзеге асырылды. Оларда мұғалімнің міндетін кебінесе оқыту жоспарлары мен методикасынан ешбір хабары жоқ молдалар атқарды. Мұсылман мектептерінде негізінен ср балалар оқыды. Мұның өзі әйелдер сауатсыздығының жоғары дәрежеде қалуы себептерінің бірі болды. Мысалы, 1884 ж. Верный, Қапал және, Сергиополь уездерінің мұсылман мектептерінде 47,5 мың ер бала және бар болғаны 17,3 мың қыз балалар оқыды. 1895 ж. «Киргизская степная газета» мұсылман мектептеріндегі сабақтын, өтуін суреттеп, былай деп жазды: «Балалар оқитын киіз үйден жан дәрменімен айқайлаған ащы дауыстар естідді. Әр оқушы өзінің сабағын айқайлап оқиды... Осылайша оқыту төрт жылдай уақытқа созылады. Осы мерзім біткеннен кейін оқушылар білім алудың толық курсынан өтіп, оны ешнәрсе де білмеген, бұрынғы надандық қалпында қалған күйінде тамамдайды».