Сөж тақырыбы: Зат есімнің даму тарихы. Зат есімнің өнімді және өнімсіз жұрнақтары. Орындаған: Құдайберген А. Б. Тексерген: Берікбай Сағындықұлы Алматы, 2023 ж. Жоспар
Алматы, 2023 ж. Жоспар: 1.Кіріспе 2.Негізгі бөлім 3.Қорытынды 4.Пайдаланылған әдебиеттер тізім
Кіріспе Зат есім аффиксациясының тарихын салыс- тыра талдауда аталмыш екі топқа бөліп қарас- тыру салтқа айналса да, аффикстер тарихына көз жүгірткенде олардың кейбіреулері тілдердің даму барысында есімнен де, етістіктен де зат есім жасайтындығын байқаймыз. Есімдерден зат есім жасайтын қазақ тілін- дегі ең өнімді жұрнақтың біреуі -шы, -ші. А.Ысқақов -шы, -ші жұрнағы арқылы жасала- тын төмендегідей зат есім мағыналарын ұсынады: 1) Кәсіп иелерінің я мамандықтардың атауларын, белгілі бір кәсіппен шұғылданатын адамды білдіреді. Мысалы: қой-шы, тіл-ші, әдебиет-ші, тарих-шы т.б. 2) Адамның белгілі бір дағдыға айналған іс-әрекеті мен қабілет-қасиеттерінің аттарын білдіреді. Мысалы: аңду-шы, бастау-шы, бар- лау-шы, тергеу-ші т.б. 3) Қоғамдық ағымды я көзқарасты (идея- ны) жақтаушының және белгілі бір ұйымға қатысушының атын білдіреді. Мысалы: спорт- шы, жақаев-шы, иванов-шы т.б.[1].