Тізім. Тізімге қолданылатын операциялар мен әдістер



бет1/3
Дата15.11.2023
өлшемі235 Kb.
#122643
  1   2   3
Байланысты:
10 лекция


Тізім. Тізімге қолданылатын операциялар мен әдістер

Python тіліндегі тізім жолдар сияқты реттелген тізбек болып табылады. Жолдан айырмашылығы тізім символдан емес, әртүрлі нысаннан тұрады және тырнақшаға алынбайды. Тізім квадрат жақшаға [] алынады. Нысандар бір бірінен үтір арқылы ажыратылады. Тізімдер сан, жол, басқа тізім сияқты әртүрлі нысаннан тұрады.


Тізім– мәндер тобын сақтау үшін арналған деректер құрылымы. Тізімнің барлық элементінің ортақ атауы болады. Тізімнің әрбір элементі “тізім элементі” деп аталады. Тізімнің әр элементінің тізімдегі нөмірі, яғни индексі болады. Бағдарламада тізімдегі белгілі бір элементтің мәніне сілтеме жасау үшін тізім атауын және тік жақшада элементтің индексін көрсету керек.

  1. мысал. Оқу орнындағы топ студенттерінің аты тізімнің жеке элементі болады, ал топтың бір ғана атауы болады.

2-мысал. Спектрдің жеті түсі үшін Raduga атауын қолдануға болады. Қызыл түс 0-ші, жасыл түс 3-ші.т.б.
Тізімге мысал келтірейік.
Валюта курсы туралы ақпарат өңдеу қажет болсын:

Әр күндегі валюта курсын жеке айнымалыға меншіктеуге болады.
>>> day1 = 56.8060
>>> day2 = 57.1578
Соңғы екі жылдағы валюта курсын өңдеу қажет болсын делік.
Ол үшін бізге тізім көмектеседі. Оны басқа бағдарламалау тілінде массивтің аналогы ретінде қарауға болады. Тізімнің массивтен басты айырмашылығы – тізімнің элементі болып кез келген нысан табылады.
Python тіліндегі тізім (list) нысан болып табылады, сондықтан айнымалыға меншіктеледі.
Валюта курсы туралы есепті тізім ретінде қарастырайық.
>>> e = [56.8060, 57.1578, 57.4093, 56.1843, 57.2207]
>>> e
[56.806, 57.1578, 57.4093, 56.1843, 57.2207]
Тізімде әртекті деректер сақталады, оған қол жеткізу тізім аты арқылы жүзеге асады ( мысалда е айнымалысы).
Python тізіммен жадыда қалай жұмыс жасайтынын қарастырайық:



е айнымалысы id6 тізім адресінен тұрады. Тізімнің әрбір элементі басқа нысанның (мысалда нақты санның) көрсеткіші (адресті сақтайды).
Тізім элементі ретінде жеке нысан емес өрнек те болуы мүмкін.


Тізім құру
Тізім құрудың түрлі әдістерін қарастырайық.
1.append әдісінің көмегімен толтыру
Бұл ең қарапайым әдіс болып табылады.
>>> a = []
>>> for i in range(1,15):
a.append(i)
>>>a
[1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14]
>>>
Немесе бағдарламалық жолмен:
a = []
for i in range(1,15):
a.append(i)
print (a)

Нәтижеде а тізімі 1 ден 14 аралығындағы сандармен циклді түрде толтырылады.




2. Тізімді аралықтан толтыру
>>> a = list(range(1, 15))
>>> a
[1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14]
Немесе бағдарламалық жолмен:
a=[]
a=list(range(15,22))
print(a)
Бағдарлама нәтижесі:
[15, 16, 17, 18, 19, 20, 21]

3.Python-да бар тізім негізінде жаңа тізім жасайтын map функциясы бар:


>>> def f(x):
return x + 5
>>> list(map(f, [1, 3, 4]))
[6, 8, 9]
Нәтижеде map функциясы берілген тізім элементтерін беске арттырып шығарады.
4. Тізімді кездейсоқ сандармен толтыру
Келесі мысалда А тізімі [1,5] аралығындағы 10 кездейсоқ бүтін сандармен толтырылады:
from random import randint
A = [randint(1, 5) for i in range(10)]
print(A)
Бағдарлама нәтижесі:
[2, 1, 4, 5, 4, 5, 2, 1, 1, 3]


5.Тізімге мәндерді қолмен толтыру
Тізім ұзындығы беріледі, пернетақтадан оның барлық мәні енгізіледі:
a = [] # бос тізім хабарланады
n = int(input(“Тізім ұзындығы:”)) # тізімдегі элемент саны енгізіледі
for i in range(n):


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет