Сөж тақырыбы: Зейіннің механизмдері


Зейіннің негізгі қасиеттері



бет2/3
Дата13.06.2022
өлшемі26,22 Kb.
#36793
1   2   3
Зейіннің негізгі қасиеттері
Тұрақтылық -Уақыт аралығына байланысты
Бөлінуі -Бір мезетте нысандарды ұстай алу
Ауқымдылығы-Шектер арасын танып, қабылдау
Ауыспалылығы-Бір-біріне саналы, байыпты өтуі
Шоғырлануы-Іс-әрекеттіңқажетті нүктеге шөгуі
Зейіннің түрлері
Адамдардың зейіні ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үшке бөлінеді.
• Адам өмірінде ырықсыз зейін елеулі орын алады. Зейіннің бұл түрі әсіресе жас балаларда жиі кездеседі. Өйткені, балалық дәуірде адамның күрделі іс-әрекеттері (оқу,еңбек т.б.) белгілі
жүйеге келе қоймайды да осының нәтижесінде оның психикасы өте нәзік, түрлі сыртқы әсерге берілгіш келеді.
• Ырықсыз зейін кез келген тітіркендіргіш арқылы пайда бола бермейді. Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайлар себеп болады:
• А) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т.б.), заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімнің өзгеруі, дыбысиың, жарықтың артуы мен кемуі т.б.).
• Ә) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді.
• Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерікжігерді сарқа жұмсауды талап етеді. Ырықты зейін мынадай ерекшеліктермен сипатталады:
• Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс-әрекетке тікелей кірісу қажет.
• Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып,алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.
Орындалатын істің мәнісін,маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.
• Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану.
Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (айқай-шу, тарсыл-гүрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және
шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.
• Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс-әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
• Зейіннің үйреншікті деп аталатын түрі де бар. Үйреншікті зейін-адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін. Мәселен, бала оқуға төселсе, бұл оның тұрақты әдетіне айналса, оның зейіні де үйреншікті бола бастайды. Қандай нәрсеге болсада үйреніп, жаттығып алған соң, адамның іс-әрекеті дағдысына айналады. Үйреншікті зейіннің де табиғаты осыған ұқсас. Өйткені, үйреншікті зейін ырықсыз зейіннен дамып қалыпиасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет