Прокуратура органдарының қызметкерлері өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, "Прокуратура туралы" Заңға, өзге де Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерге, осы Ережеге, басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерге, Бас прокурордың бұйрықтарына, өкімдеріне, нұсқауларына сәйкес жүзеге асырады.
Прокуратура органдарының қызметкерлері аттестацияны үш жылда бір рет тапсырады. Аттестациядан өткізу тәртібі мен шарттары Бас Прокурормен анықталады.
Прокуратура органдарының қызметкерлері қызметтік қару-жарақтар мен оқ-дәрілерді алуға, алып жүруге және сақтауға құқылы.
Прокуратура органдарының қызметкерлерінің қару-жарақ пен оқ-дәрілерді алу, сақтау және алып жүру және тасымалдау тәртібін Бас прокурор анықтайды.
Прокуратура органдарының қызметкерлері қаруды қолданудың барлық жағдайында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жәбірленушілерге кейінге қалдырылмайтын жедел медициналық жәрдем көрсету үшін қажетті шаралар қолдануға және жоғары тұрған прокурорға хабарлауға міндетті.
Қаруды қолданудың немесе оны жоғалтудың фактілері бойынша қызметтік тергеу жүргізіледі.
Прокуратура қызметiнiң құқықтық негiздерi
Қазақстан Республикасы прокуратурасын ұйымдастыру, оның қызметiнiң тәртiбi және прокурорлардың өкiлеттiгi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Заңмен, заң актiлерiмен, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттармен, сондай-ақ Республика Бас Прокурорының бұйрықтарымен айқындалады.
Прокуратура кез келген заңдылық бұзушылықты анықтау және жою жөнiнде шаралар қолданады, Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетiн заңдар мен өзге де құқықтық актiлерге наразылық жасайды, сотта мемлекеттiң мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңда белгiленген жағдайларда тәртiп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады.
Қазахстан Республикасының прокурортурасы төменгі прокурорлар жоғары тұрған прокурорларға және Қазахстан Республикасының Бас Прокурорына бағынатын органдар мен мемлекеттердің біртұтас орталықтандырылған жүйесін құрайды.