Тоқыма өнеркәсібі иіру, тоқу және өңдеу өндірістеріне бөлінеді. 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республиканың тоқыма өнеркәсібінде 497 кәсіпорын тіркелген, олардың белсенді жұмыс істеп тұрғаны 155 кәсіпорын, оның ішінде 12-сі ірі, 24-і орта және 119-ы шағын кәсіпорын. Оларда 7200 адам жұмыс істейді.
Дәстүрлі мақта өсіру Оңтүстік Қазақстан облысында (бұдан әрі - ОҚО) жүзеге асырылады, осыған байланысты мақта өңдейтін кәсіпорындар нақ осы жерге шоғырланған, бұдан басқа табиғи тоқыма талшықтары ішінде мақта талшығы елдегі өндіріс көлемі бойынша ең үлкен топты құрайды.
Бүгінгі күні тоқыма өнеркәсібінің ең ірі кәсіпорындарына жылына 18,8 мың тонна мақта талшығын өңдейтін «Textiles.kz» корпорациясы («Ютекс» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - АҚ)/ «Меланж» АҚ), «South Textiline.kz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (ОҚО) сияқтылар жатады.
Компанияларда отандық шикізатты пайдалана отырып, 100% мақта-мата иірімжібі, қатқыл және дайын мақта-матадан тұратын бәсекеге қабілетті өнім шығаратын «Rieter», «Benninger», «LTG Air Engineering» (Швейцария); «Dornier», «Thies Monforts» (Германия), «Savio» (Италия) сияқты белгілі фирмалардың жаңа жабдығы пайдаланылады.
2006 жылдан бастап жеңіл өнеркәсіп өнімі экспортының өсу серпіні байқалады. Егер 2006 жылы экспорт 63 млрд. теңгені құраса, 2008 жылы ол 82 млрд. теңгеге ұлғайған. 2009 жылы экспорт көрсеткішінің алдыңғы жылдармен салыстырғанда 22%-ға құлдырауы байқалады, бұл әлемдік экономикалық дағдарысы салдарынан тауардың бұл түріне сұраныстың азаюымен байланысты болып отыр, бұл ретте экспорт үлесінің 90 %-ға дейін көлемін шикізат (шитті мақта, жүн, ірі қара мал және ұсақ мал терісі) құрайды.
Импорт көрсеткішінде өсімнің де, құлдыраудың да серпіні байқалып отыр. Егер 2006 жылы импорт 27 млрд. теңге болса, 2007 жылы импорт 37 млрд. теңгеге дейін өсті. Сондай-ақ, егер 2008 жылы импорт 29 млрд. теңгені құраса, 2009 жылы ол 56%-ға өсті, бұл ретте ұлғаю сырт киім, сондай-ақ киімге және басқа да дайын бұйымдарға сұраныстың 50 %-ға ұлғаюымен байланысты боп отыр.
Кез келген елдің жеңіл өнеркәсібі - бұл экономиканың аса маңызды көп бейінді және инновациялық тартымды секторы.
Тұтыну деңгейі бойынша жеңіл өнеркәсіп азық-түлік тауарларынан кейін екінші орында тұр, бұл оның маңыздылығын білдіреді. Жеңіл өнеркәсіптің экономикалық және стратегиялық қауіпсіздікті, еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамтуды және оның өмір сүру деңгейін жаңа геосаяси жағдайларға көтеруді қамтамасыз етудегі маңызды ролін ескере отырып, әлемнің ірі елдері саланы дамытуға айрықша назар аударады және оған айтарлықтай инвестициялық қолдау көрсетеді.
Тұтыну секторы тауарларының әлемдік өндірісінде еңбекті нақты бөлу қолданылады. Олардың бірі шикізатты сатады, екіншісі қайта өңдейді, үшіншісі түпкі өнімді өндіреді, төртіншісі сатады. Осыны ескере отырып, бұл үдерістегі басымдықтарды айқындау қажет, осының негізінде нарықтық перспективасы бар жобаларға және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жобаларға салынуы тиіс тиімді даму матрицасы пайда болады.
Бүгінде Қазақстанның жеңіл өнеркәсібіндегі кәсіпорындардың 80%-ы шағын және орта бизнес субъектілері болып табылады, бұл ретте шамамен сала кәсіпорындарының шамамен 80%-ы жүктемелігі 30 - 40 %-ды құрайтын ескірген жабдықтармен жарақталған.
Саланы дамытудың жалпы үрдісі ел өнеркәсібі көлеміндегі оның үлесінің төмендеуімен сипатталады, бұл жұмыс орындарының қысқаруына, ішкі нарықтан отандық тауар өндірушілерді шетелдік өндірушілердің тықсыруына әкеледі, бұл апатты сипат алды.
Халықты жұмыспен қамту мәселесі жіті орында тұр. Егер 2005 жылы жеңіл өнеркәсіпте жұмыс істейтіндердің саны 20,0 мың адам болса, 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ол 13,7 мың адамға дейін азайды, бұл әлеуметтік шиеленістің өсуімен шарттасады.
Жеңіл өнеркәсіп технологиялық жағынан аграрлық сектормен барынша байланысты екенін ескерсек, оның дамуы елеулі түрде ауыл шаруашылығы өндірісінің маңызды бағыттарын қалпына келтіруге және дамытуға ықпал ететін болады, осының арқасында ел ішіндегі төлем қабілеті сұранысы мен ішкі нарықтың сыйымдылығы артады.
Бұл мәселелерді шешу қазақстандық өндірушіні қорғау, контрафакт және контрабандалық өнімге қарсы күрес, субсидияларды, лизинг схемаларын, инвестициялық қорларды пайдалану, мемлекеттік-жеке әріптестікті дамыту бойынша шараларды іске асыру негізінде мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.
Жеңіл өнеркәсіптегі ахуалды сипаттайтын созылмалы дағдарыс өндірісі көлемінің құлдырауымен жалғасады. Тек 2005 - 2009 жылдар кезеңінде республика өнеркәсібінің құрылымындағы сала үлесі 2,2 %-дан 0,8 %-ға төмендеді, бұл ретте ішкі жалпы өнімдегі өнеркәсіп үлесі 2005 жылғы 0,62 %-дан, 2008 жылғы 0,27 %-ға дейін төмендеді.
2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елдің жеңіл өнеркәсібінде 1591 кәсіпорын тіркелген, олардың 526-ы белсенді жұмыс істейді, оның ішінде 449-ы шағын, 60-ы орта және 17-сі ірі кәсіпорын.
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың жалпы саны ішінде 54%-ы киім өндірісі кәсіпорындары, 31%-ы тоқыма және тігін өнеркәсібі кәсіпорындары (киімнен басқа, тоқыма және тігін бұйымдарын өндіретін) болса, былғары және аяқ киім өндірісі кәсіпорындары 9%-ды, былғары мен теріден жасалған киім өндірісі - 54%-ды құрайды.
Қорытындылай келе еліміздегі жеңіл өнеркәсіп дамып келе жатыр.Бірақта еліміз әліде ішкі нарықта халықты жеңіл өнеркәсіп өнімдерімен қамтамасыз етуде әліде тыңғылықты жұмыс атқаруы қажет.Еліміздің негізгі жеңіл өнеркәсіп орталығы ретінде құрылған дамып келе жатқан Оңтүстік Қазақстан аймағы.Қайткенменде Қырғызстан,Қытай ,Түркия мем лекеттерінің өнімін пайдаланып отырмыз.Жүн иіру оны пайдалануға мемлекет назар аудармай біз дами алмаймыз.Болашақт а өз өнімізді өндіріп пайдаланамыз деген үміттемін.