Сөж тақырып: Миксомитцеттердің саңырауқұлақтардың айырмашылығы. Паразитті тіршілік ететін түрлері және олармен күресу жолдары



бет1/4
Дата16.10.2023
өлшемі17,82 Mb.
#116310
  1   2   3   4
Байланысты:
сро1 систематика раст

СӨЖ

Тақырып: Миксомитцеттердің саңырауқұлақтардың айырмашылығы. Паразитті тіршілік ететін түрлері және олармен күресу жолдары..


Орындаған: Зейнелханова А.М
Топ: ДБ1-301с
Пән: Өсімдіктер систематикасы
Тексерген: Жұманиязова Ә.Ж
"СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ" КЕАҚ

Жоспар

  • Миксомицеттерге жалпы сипаттама
  • Саңырауқұлақтарға жалпы сипаттама
  • Паразит саңырауқұлақтар
  • Күресу шаралары

Миксомицеттерге жалпы сипаттама


Миксомицеттер (Mуxomуceta) (грек. mуxo – кілегей және mуcоta – саңырауқұлақ), кілегейлілер, кілегейлі саңырауқұлақтар – хлорофильсіз саңырауқұлақ тәрізді организмдер бөлімі. 400-ге жуық түрлері белгілі, Қазақстанда 100-ге тарта түрі анықталған. Миксомицеттер әдетте шіріген ағаштың жарық қуыстары мен олардың түбірлерінің астында, ормандардағы өсімдік қалдықтарының арасында, ылғалды жерлерде дамиды. Вегетативтік денесі көп ядролы, қабықпен қоршалған плазмалық массадан тұратындықтан оларды плазмодийлер деп те атайды. Дене көлемі әр түрлі, өте майда микроскоптың түрлері (Echіnostelіum) мен қатар көлденеңі 1 м-ге жететін түрлері де (Fulіgo) кездеседі. Миксомицеттер спораларымен көбейеді. Спора түзу процесі Миксомицеттердің түріне байланысты (пішіні, көлемі, түсі жағынан) әр түрлі болып келеді. Ең қарапайым түрлерінде плазмодий пішінін өзгертпестен қабықшаға оранып, кішкене мамықшаға немесе күлшеге ұқсас спора түзгіш денеге айналады.

Topic one

  • Subtitle

Миксомицеттердің басқа түрлерінің денесінде арнайы спора түзуші жемісті денелер пайда болады. Пісіп жетілген споралар жемісті денені жарып сыртқа шығып, ауамен таралады. Споралар тіршілік қабілетін жоймай, жылдап жата береді. Қолайлы жағдай туғанда спора әдетте сулы ортада өсіп, оның ішінен екіден (клетканың алды мен артында орналасқан) жіпшелері бар 1 – 8 зооспоралар шығады. Егер спора сусыз дымқыл жерде өсетін болса, онда одан жіпшесіз миксоамебалар өсіп жетіледі. Мұндай зооспоралар мен миксоамебалардың саны олардың екіге бөлінуі арқылы көбеюі мүмкін. Содан кейін жыныстық кезең басталып, бір-бірімен жұптала қосылады. Ядролары диплоидтық қалпына келеді де, митотикалық жолмен бөліне бастайды. Пайда болған плазмодий бірте-бірте үлкейе түседі. Кейде ұсақ плазмодийлер бір-бірімен қосылып, бір ортақ дене құруы да мүмкін. Көпшілігі сапротрофтар. Миксомицеттер бактерияларды, амебаларды, саңырауқұлақтардың мицелийлері мен спораларын қорек етеді. Кейбір түрлері (Plazmodіophora brassіcae) ауыл шауашылығының өсімдіктерінің (картоптың, қызанақтың, капустаның) өте зиянды ауру тудыратын қоздырғыштар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет