Сөж тақырып: Миксомитцеттердің саңырауқұлақтардың айырмашылығы. Паразитті тіршілік ететін түрлері және олармен күресу жолдары


Саңырауқұлақтарға жалпы сипаттама



бет3/4
Дата16.10.2023
өлшемі17,82 Mb.
#116310
1   2   3   4
Байланысты:
сро1 систематика раст

Саңырауқұлақтарға жалпы сипаттама


Саңырауқұлақтар – эукариотты организмдердің ішінде ең ежелгісі және олардың өсімдіктер мен жануарларға тән белгілері бар. Олар өсімдіктер сияқты шектелмеген, апикалды өседі және клетка қабықшасы қатты. Жануар клеткасына ұқсастығы – фототүзуші пигмент – хлорофил болмайды, қоректенуі бойынша – гетеротрофты. Клетка қабықшасында хитин бар. Сонда да, ұзақ уақыт бойы саңырауқұлақтарды хлорофилсіз өсімдіктер деп санап, өсімдіктер патшалығына жатқызды. Өткен ғасырдың орта кезеңінде тірі организмдерді ірі таксондарға (патшалық таксон) бөлуді қайта қарастырды. Қоректенуіне қарай өсімдіктер, саңырауқұлақтар, жануарлар әр типті болып келеді. Өсімдіктер фотосинтез арқылы қоректенсе, жануралар – голозойлы. Олар тағамды жұтып қана сіңіреді. Ал саңырауқұлақтар ірі заттарды пайдалану үшін ферменттерді бөледі де, клетка сыртында ыдыратып, осмотрофты сіңіреді. Сөйтіп эукариотты саңырауқұлақтарды өзінше жеке патшалыққа жатқызады. 
Вегетативті құрылысы. Саңырауқұлақтардың вегетативті денесінің жуандығы 5 мкм жіпшелерден – гифтерден тұрады. Гифтер ұзарып тармақтала түседі де, жіптер жүйесін – мицелий құрады. Гифтер тек бір жақ шетімен ғана өседі. Саңырауқұлақтар ценоцидті организмдерге жатады, яғни олардың протоплазмасы үнемі қозғалып тұрады. Ядро саны бірден көп, тіпті 100-ге дейін жетеді.
Саңырауқұлақтар табиғатта зат айналымына қатысады, әр түрлі қалдықтарды ыдыратып, шірітіп топырақ құнарлылығын арттырады. Сондай-ақ қауіпті аурулардың таралмауына пайдасын тигізеді. Саңырауқұлақтардың құрамы ферментке бай. Жеуге жарамды саңырауқұлақтар құрамында 80-90% су, 2-4%-ға жуық нәруыз, 1%-ға жуық май болады. Демек олар тағамға пайдаланылады. Өте қажетті дәрі өндіруде де маңызы зор. Зиянды бактериялардың өсуін тежейтін дәрілер антибиотиктер деп аталады. Саңырауқұлақтардан өсімдікті тез өсіретін белсенді зат гибереллин алынады.

Паразит саңырауқұлақтар


Саңырауқұлақтардың көптеген түрі адамға және шаруашылыққа зиян келтіреді. Тірі ағзаның денесінде өсіп жетіліп, тірі жасушалардың ағзалық заттарымен қоректенетін саңырауқұлақтар паразит саңырауқұлақтар деп аталады. Өсімдіктерде әр түрлі ауру туғызатын паразит саңырауқұлақтарға ақұнтақ, қастауыш, тат, қаракүйе саңырауқұлақтары жатады. Мұндай паразиттер мәдени өсімдіктердің түсімін орта есеппен 10-30%-ға төмендетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет