СөЖ№14 Тапсырма: “Жыныстық тәрбие”(баяндама жазу) Өнегелі жыныс тәрбиесі дегеніміз не?



Дата13.12.2022
өлшемі22,97 Kb.
#56978
Байланысты:
14 СОЖ (1)


СӨЖ№14
Тапсырма: “Жыныстық тәрбие”(баяндама жазу)
Өнегелі жыныс тәрбиесі дегеніміз не?
Жастарға өнегелі жыныс тәрбие беру жалпы тәрбие берудің көрнекті бөлігі. Бұл өз алдына бөлек зерттелетін үлкен және маңызды проблемалардың бірі. Бұл маңызды жұмыс әрқашанда балалардың жас ерекшелігіне қарай жүргізіліп отыруы тиіс. «Рухани таза болсаң, денең де таза болады» – деген қағиданы ұстану қажет.
Ауруды жасыруға болмайды. «Ауруын жасырған – өледі», – дейді халық даналығы. Өнегелі жыныс тәрбиесі жергілікті аймақтың құқықтық, мәдени-этикалық ерекшеліктерін ескере отырып беріледі. Өнегелі жыныс тәрбиесі сәбидің туған сәтінен басталып, үздіксіз жүргізіліп отырады [1, 3].
Өнегелі жыныс тәрбиесінің мақсаттары:
1.Өнегелі жыныс тәрбиесінің бағдарламасы жастардың жыныс денсаулығына деген құқығына және оны қорғау туралы ақпаратқа қол жеткізу ретінде негізделінуі керек.
2. Өнегелі жыныс тәрбие үрдісіне қатысушыларына бағдарламаға сай:
а) өнегелі жыныс бүкіл өмір бойына, әрі дені сау жастарға тән қасиет екендігі жөнінде сенімді ақпарат қолдарына ұстатылады;
б) ересек балалар жаңа сатыдағы тіршілік өміріне дайындала бастайды;
в) отбасы құндылықтары «отбасына деген табынушылық» және жалқылық (моногамия) қатынас өрбіту саулығының негізі екендігі туралы пікір мейлінше балалардың ойларына сіңірілуі тиіс;
г) өнегелі жыныс тәрбиесі үрдісінде оқушылар қажетті білімін оқытушылардан, ата-аналарынан; құрбы-құрдастарынан алады да, дағдыларын қалыптастырып, қабілеттерін арттырып отырады;
1) өзін сыйлайтын мінез-құлық қалыптасады;
2) денсаулығын бағалай білетін болады;
3) көпшіл, икемді болуға бейімделе бастайды.
ВИЧ қай уақытта СПИД-ке айналады?
Бұл ауруға шалдыққандардың бәрі азғындаған адамдар деген түсінік қайдан қалыптасты?
Осы арада оқырмандарымызға адамдар бірден СПИД-пен ауырмайтындығын, ВИЧ жұққанан кейін иммунтапшылығынан адамның жүре келе иммундық жүйесі әбден әлсірігенде ғана ағзада қауіпті инфекциялық немесе рак аурулары дамып, СПИД-ке айналатынын еске салуға тиіспіз.
Осыдан 9 жылдай бұрын ВИЧ инфекциясын толығымен емдемесе де дамуы тежейтін тиімді әдіс табылды. Тіпті, ВИЧ-тен дерті СПИД-ке айнала бастаған адамдар арасында да қазіргі тиімді препараттарды қабылдау арқылы денсаулықтарын дұрыстап, өмірге деген құлшыныстарын қайта оятқандар да жеткілікті [4].
Қарап отырсақ, қазіргі жастарға қарағанда, ересек адамдарда ВИЧ және СПИД ауруларын синоним сөздер ретінде қабылдап, ол туралы түсініктері шатасып жатады. СПИД, ол ВИЧ инфекциясының кезекті асынған сатысы ғана. ВИЧ СПИД-ке айналғанға дейін көп жылдар өтпек. Бұл жылдардың нақты мерзімі әрбір науқастың өз денсаулығын одан әрі қарай қалай күтуіне байланысты болмақ. Басқа сөзбен айтқанда, адамда өмір бойы ВИЧ инфекциясы болуы, бірақ СПИД-ке айналмауы да мүмкін. Қысқасы, иммунтапшылығы вирусы адамның қанындағы CD 4 немесе Т-жасушаларын зақымдайды. Бұл жасушалар ағзаны инфекциялардан қорғайтын иммундық жүйенің қалыпты қызмет етуінде ерекше маңызға ие. ВИЧ инфекциясы қанға түскеннен кейін, көбейе келе жоғарыда аталған жасушаларды өлтіре бастамақ. Өз кезегінде иммундық жүйе «жоғалған» жасушаларды жылдам қалпына келтіріп үлгере алмай қалады. Осының салдарынан иммундық жүйе бұзылып, жайшылықта аса қауіпті емес инфекциялардың алдында адам ағзасы шарасыз болып қалмақ.
Бұл инфекциялар оппортунистер деп аталады, яғни «жағдайды пайдаланушылар». ВИЧ-пен ауыратындарда оппортунистік инфекциялардың пайда болуы СПИД диагнозын қоюға негіз болмақ.
ВИЧ/СПИД жұқтырғандардың бәрі азғындаған адамдар деген түсініктің теріс екендігін уақыт көрсетуде.
Сонымен мәселенің өзегіне, мақаланың мақсатына қайта оралайық. Біз осы арада ВИЧ/СПИД-тен халықтың өлердей қорқып, зәре-құты қалмауына және оны абайсызда жұқтырып алған адамдардың қоғамнан оқшаулануына журналистердің қосқан үлесі «қомақты» екендігін мойындауға тиістіміз. Осы аурудың аты шығып, анықталғаннан кейін-ақ оған әлемдегі БАҚ өкілдері «ХХ ғасыр індеті», «Ғасыр обасы» деген ат қойып, оны жұқтырған адамдар санаулы жылдардың ішінде-ақ іріп-шіріп өледі деген түсінік тарата бастады. Тіпті, бұл тақырыпты жазғанда қаншама рет көптеген басылымдардың қолына орақ ұстаған қара шекпенді жаналғыш әзірейілдің суретін қатар бергені де есімізде.
Шындығында, ВИЧ жұқтырған адам қанша өмір сүреді? «ВИЧ инфекциясы» диагнозы бар адам ең бірінші өзіне осы сауалды қоймақ. Бұған мамандар қазірге: «Ешкім білмейді», деген бір ғана екіұшты сауалмен жауап береді. Кейде оның 15, 10, тіпті, 5 жыл деген «мерзімі айтылып та қалады. Осы арада мына бір мәселеге назар аударалық. СПИД эпидемиясы 25 жылдан астам уақыт ауыра бастаса, содан бері осы диагнозбен өмір сүріп келе жатқан адамдар да кездеседі. Олар әлде де өмір сүре бермек. Бұл ағзаның онымен өмір сүру циклінің шегі емес, сондықтан ВИЧ эпидемиясымен әлі қанша алысатындығымыз да белгісіз.
Қазақстанда ВИЧ/СПИД ауруының алдын алу жұмыстары 10 жылдан бері жүргізіліп келеді. Бірақ, соған қарамастан, өтінішке қарай, біздің елімізде де ВИЧ позитивті адамдардың саны жыл сайын ұлғайып бара жатқандығын несіне жасырамыз. Осы уақытқа дейін халықтың арасында бұл ауру тек моральдық азғындаған адамдарда ғана болады деген түсінік қалыптасып келді. Оны жыныстық қызмет көрсетіп жан бағып жүрген қыз-келіншектеріміз жұқтырады, онымен осылардың қызметін пайдаланатындар, немесе гомосексуалдар мен нашақорлар ауырады деген біржақты пікірде болдық. Біздің үлкен сорымызға қарай бүгінде иммунтапшылығы дерті жағдайы түзу, орта жастан асқан отбасылы жандардан да табылып отыр. Адамның ағзасындағы төрт сұйықтықта болатын бұл вирус иненің ұшымен де, жыныстық қатынаспен де, қан арқылы да, ананың сүтімен де оңай жұғады. Осы вируста аяғын анықтап басып, адал жүрген адамға тіс дәрігері де, маникюр-педикюр мамандары да өз кәсіби жұмысын жауапкершілікпен дұрыс атқармаса, абайсызда жұқтыруы мүмкін.
Дәрігерлердің өз кәсібіне жүрдім-бардым қарағанынан Оңтүстік облыстағы балалардың жаппай ВИЧ жұқтыруы, оқиға жұртқа жария болғаннан кейін бұл дерттің жай-жапсарын білетін де білмейтін де, ерінбеген журналистердің бәрі осы оқиғаны елірте жазып, соның салдарынан балаларына ВИЧ инфекциясы жұққан 7 бірдей әйелді күйеу үйден қуып шығып, отбасынан айырылғанын біз білеміз бе? Бұл сәбилер өз бастарында не болып жатқанын әлі түсінбесе де, есесіне олардан көршілері, туыстары түгілі, тіпті, ең жақындары олардан бас тартып үлгерді.
Мұның бәрі біздің әу бастағы осы ауру туралы қалыптасқан қате түсініктеріміздің салдары. Кезінде ВИЧ жұқтырғандарға қатысты «жезөкше», «нашақор», «гомосексуал» сияқты біржақты ойланбай қолданған орынсыз сөз, байыбына бармай жатып қалыптасқан пайымның тақсіретін енді көптеген адамдар тартып жатыр.
Статистика деректері: Қазақстанда ЖЖБИ кең тараған, жылда бұл кеселге әр 10-20 адамнан 1 адам ұшырайды. ЖЖБИ деген не?
ЖЖБИ – жыныстық жолмен берілетін инфекциялар. Бұларға мерез, гонорея, урогениталдық хламидиоз, гепатиттердің В, С түрлері, гарднереллез, микоплазмоз, гениталдық кандидоз, ано-гениталдық ұшық, ано-гениталдық өткір ұшты кандиломалар және басқалар (барлығы 20-дан астам ауру түрлері).
ЖЖБИ немен қауіпті? ЖЖБИ-дің көптеген қоздырғыштары әйелдердің бала туу мүшелерін зақымдайды, бедеулік, импотенция, жатырдан тыс жүктілік, түсік тастауды туғызады. Мерезді емдемесе, ол ішкі мүшелердің орталық жүйке жүйесінің қатерлі өзгерістеріне әкеп соғады және ұрпаққа беріледі.
Кейбір ЖЖБИ қатерлі ісіктердің себебі болуы да мүмкін. ЖЖБИ бар адамдарда АҚТҚ-ға (адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы) жыныстық жолдар арқылы шалдығу қатері ондаған есе өседі.
Көптеген әйелдер мен еркектерде жыныстық инфекциялар айқындалмаған күйінде қала береді, өйткені олардың белгілері көрінбейді немесе әлсіз болады, сол себептен адамдар өздерінің аурулары туралы ештеңе сезбей, әрі қарай ауырып басқаларға жұқтыра береді.
ЖЖБИ дертінен қалай сақтануға болады?
- Некеден бұрын жыныстық қатынастарды тежеу:
- Сүйікті адамға адалдығыңды сақта;
- Есіңде болсын, презервативті пайдаланғаның барлық ЖЖБИ-ден 100% қорғаныс бермейді.
ЖЖБИ дертіне шалдықтым деп ойласаң, не істеуің керек?
- Міндетті түрде тексеріл және маман (венеролог) дәрігерде емделуді баста. Егер сен уақытымен емдеуді бастасаң, емдеудің толық мерзімінен өтсең, көптеген ЖЖБИ емделеді.
- Міндетті түрде өзіннің серігіңмен сөйлес. Егер сендер екеуіңде бұл дерттен айықпасандар, сендер тағы да бір-біріңе ауру жұқтырасыңдар!
ЖҚБТ/АҚТҚ-ның алдын алу.
Статистика деректері: қазіргі кезде АҚТҚ инфекциясы Қазақстанның барлық обдыстарында тіркелді. 2002 жылдың 1 ақпанында республикада АКТҚ жұқтырған 2584 адам тіркелген, олардың 58 ЖҚТБ/АҚТҚ инфекцияларына шалдығуда ең осал топ болып табылатын – жастар. АҚТК, жұқтырғандардың 80 пайызын есірткіні инъекция арқылы қабылдайтындар құрайды [5].
АҚТҚ адам ағзасына қандай жолдармен берілуі мүмкін?
АҚТҚ адам ағзасына одан бұрын АҚТҚ-ға шалдыққан адам қолданған лас шприцтердегі, инелердегі сақталған қан қалдықтарымен беріледі. Ауруға шалдығу ластанған, қан жұққан құралдарды, алмастарды, ұстараларды, пышақтарды, қайшыларды, инелерді инемен таңба салу үшін пайдаланған жағдайда болады. Құралдар ішіндегі болмаса сыртындағы қан бөліктері көзге көрінбеуі мүмкін. Егер олар есірткіні бір құтыдан алса, мейлі әрбіреуінің шприц әр түрлі болса да инъекциялы есірткі тұтынушылардың, АҚТҚ-ны жұқтыру қатері өте жоғары. Егер есірткі дайындау барысында қан пайдаланылса да, АҚТҚ-ны жұқтыру қаупі өте жоғары болады.
АҚТҚ берілуінің басқа жолы – жыныстық жол. Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы, АҚТҚ жұқтырған анадан балаға жүкті кезінде, туу кезінде, емшек сүтімен емізген кезінде берілуі мүмкін.
АҚТҚ қалай берілмейді? Адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауамен, тамақ, су, ыдыс, төсек, киім, аяқ киім арқылы, жүзу бассейнінде, қол алысқанда, «құрғақ сүйіскенде», түшкіргенде және жөтелгенде, моншаға түскенде, жалпы дәретханаларды пайдаланғанда, соңдай-ақ, жәндіктер шаққанда берілмейді [4].
АҚТҚ жұқтырған адамдарды қоғамнан аластауға ешқандай негіз жоқ. Керісінше, бұл адамдар сіздің қолдауыңызды және түсінгеніңізді қалайды.
Басқа адамның қанының, шәуетінің, қынап бөлінділерінің шырышты қабатқа немесе теріге түсуін болдырма

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет