«2-жақ бұйрық форма – деген соң – 2-жақ бұйрық форма»
«-уші формалы есімше – болма»
Шық деген соң шық!
Айтушы болма анаған!
Эмоциялы баяндауыштар
Реплика ретіндегі лепті сөйлем – құрамындағы сөздерді мүшелік қатынасқа анық даралауға келмейтін, тұрақты бір сөздерді қатыстырып құрылатын, диалогта жауап реплика ретінде жұмсалатын сөйлем.
Жасалуы
Мысал
Алдыңғы репликаның бір сөзін қайталау арқылы
- Осыны айтасың ба?
- Айтпағанда!
«Қайдағы/не қылған – қайталанған сөз (есім/есімше не зат ес./ сын ес)»
Ал жүрейік, шешей.
Қайдағы шешей!/ не қылған шешей!
«Қайталанған сөз (есім/етістік) – не (несі)/қалай»
Мұны сонша шимайладың.
Шимайладыңың қалай!Бұл әдейі салынған сурет.
«Қайдан – бұйрық райлы етістік»
Бұрынғы есепші өзі босады ма?
Қайдан өзі босасын!
«Қайталанған етістік –са/-се тұлғасында – ша/ше »
Сонда бір қалжыңдап едім.
Қалжыңдасаң ше!
«-ғанда тұлғасы – ша/ше//қандай»
Соны да әкетесің бе?
Әкетпегенде ше! Әкеткенде қандай!
Пайдаланған әдебиеттер
Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 2004.
Әмір Р.,Әмірова Ж. Жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1998.
Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.
Садирова К.Қ. Қазіргі қазақ тілі синтаксисі: оқу құралы. -Ақтөбе, 2013