2. Жекіру одағайлары (императивные междометия)
Жекіру, тыйым салу, бұйыру мәндерді білдіреді.
(выражает запрет, повеление, возглас неодобрения)
тәйт, тек, жә т.б. Мысалы: - Тәйт, үніңді шығарма!
- Жә-жә, ойланып сөйлеген жөн болар.
- Тек жалғыз-ақ, арыла сөйлес.
3. Шақыру одағайлары (междометия подзыва)
Мал, ит-құсты шақыру, қуу мәнді білдіреді. (обращения к животным)
құрау-құрау, шөре-шөре, көс-көс, айт, қош-қош,
моһ-моһ, құр-құр, кә-кә, пырс, аухау-аухау т.б.
4. Тұрмыс-салт одағайлары (бытовые междометия)
Ассалаума-әлейкүм, уағалимкүм-ассалам, қош,
рақмет, құп, ләббай, жәрәкім-алла, қайыр т.б. Мысалы: - Ақтөс, Ақтөс, кә-кә, - деп, Марат күшігін шақырды.
Мысалы: - Рақмет, балам, көп жаса.
- Ләббай, тақсыр, - деп, нүкерлер атқа қонды.
Тұлғасына қарай (по способу образования)
1. Негізгі одағайлар (непроизводные междометия) оһ, ой, әй, е, ә, ау, па, пай, ө, охо, беу т.б.
2. Туынды одағайлар (производные междометия) мәссаған – мә саған, әттеген-ай - әйт деген ай,
бәрекелді – барын алып келді т.б.
Ескерту (прим): 1. Жұрнақ жалғану арқылы одағайдан басқа сөз табы пайда болуы мүмкін.
(При помощи суффикса от междометия может образовываться другая часть речи).
Мысалы: ура+лау, ойбай+лап т.б.
2. –ал –деп – де – дейтін етістіктермен тіркесіп, сөйлем мүшесі бола алады.
(сочетаясь с данными глаголами, могут быть членами предложения).
Мысалы: Моһ-моһ деп ол жылқысын шақырды. /моһ-моһ деп = пысықтауыш/
3. Одағайлар заттанып, түрлі қосымшалардың жалғануы арқылы сөйлемнің қалыпты мүшесінің қызметін атқарады. (субстантивируясь и принимая разные аффиксы,
междометия могут выполнять функции членов предложения).
Мысалы: Мен үйге аһлап, уһлеп /қалай?/ әзер жеттім.
Оның айтатыны – ойпырмай. /не?/
Достарыңызбен бөлісу: |