Сөйлеу мүшелерінің патологиясы тұрарғазинова Жұлдыз



бет18/31
Дата12.04.2022
өлшемі64,58 Kb.
#30829
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31

Созылмалы тонзиллит

Миндалиннің созылмалы қабынуы, немесе созылмалы тонзиллит (латынның tonsilla – миндалина) ангинаның қайталану нәтижесінде дамып, жиі кездесетін аурулардың бірі болып табылады. Кейбір жағдайларда созылмалы тонзиллит ангинаның қайталануынсыз-ақ пайда болады. Созылмалы тонзиллит кезінде байқалатын белгілер: жұтқыншақтың аздап ауруы, кейде ауыздан иістің шығуы, кешкі уақытта температураның ұзақ бойы сәл көтерілуі (37,2-37,5º). Миндалиннің қызаруы байқалады, оны қысқанда одан ақ түсті жағымсыз иісті ірің бөлінеді. Созылмалы тонзиллит кезінде ангина түрінде асқыну жиі болады. Созылмалы тонзиллиттің қауіптілігі – оның үнемі организмге түсетін инфекция мен токсиндердің көзі болуында, ол ангина кезінде пайда болған асқынуларды (ревматизм, эндокардит, бүйрек аурулары және т.б.) ұстап тұрады. Миндалинді әр түрлі дезинфекциялық ерітінділермен жағу арқылы немесе шаю арқылы созылмалы тонзиллитті емдеуге болады. Кейінгі жылдары пенициллин ерітіндісімен шаю қолданылады. Миндалинді күйдіру және рентгенотерапия әдістері емдеуде қолданылады, егер осы барлық емдеу әдістері нәтижесі бермесе, онда миндалинді толықтай алып тастайды, оны тек ауруханалық жағдайда жасайды. Миндалиндер организмге ауыз бен жұтқыншақ арқылы түсетін инфекцияларға қарсы тұрып, қорғаныштық қызмет атқаратының білеміз. Миндалинді толықтай алып тастау қауіпті емес пе? деген сұрақ туындауы мүмкін. Қалыпты қызмет атқарып тұрған миндалинді жоюға болмайды; бірақ миндалиннің созылмалы қабынуы тек өзінің қорғаныштық қызметінен айырылып қана қоймай, ол инфекция ошағына айналады. Таңдай миндалинінен басқа қорғаныштық қызмет атқаратын ұлпалар мен мүшелер бар, сондықтан миндалинді алып тастау организмнің жағдайына қауіп төндірмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет