Байланысты: Сөйлеу мүшелерінің патологиясы тұрарғазинова Жұлдыз-emirsaba.org
Көмей папилломасы – түсті орамжапыраққа немесе әтеш айдарына ұқсас ісік. Кейде папиллома тек дауыс қатпарында болуы мүмкін, бірақ жиі түрде ол көмейдің кілегейлі қабатының бүкіл беттігін алады, кейбір жағдайда жұтқыншақ пен трахеяны да. Мұндай жағдайда жоғарғы тыныс алу жолдарының папилломатозы жөнінде айтады. Папиллома қандай болсын жаста дамуы мүмкін, көбнесе 2 жастан 8 жасқа дейінгі аралықтағы балаларда кездеседі, кейде алғашқы айларда дамуы ықтимал. Папиллома өте баяу өседі. Оның ең негізгі белгілерінің бірі - дауыстың қырылдауы; кейде дауыс мүлдем жоғалып (афония), тыныс алу қиынға соғуы мүмкін. Операция жасау арқылы емдейді, кейде рентгенотерапия қолданылады. Рентгенотерапия оң нәтиже берсе, онда операция жасаудың қажеттілігі болмайды.