Жасалу мақсатына қарай операциялар диагностикалық және емдік болып бөлінеді.
Диагностикалық операциялардың мақсаты- диагнозды қорытындылау, патологиялық үрдістіңсатысын анықтау.Олар барлық клиникалық тексеру әдістерін қолданғанда, нақты диагноз қою мүмкін болмаған жағдайда жасалады.
Диагностикалық операцияларға биопсия алу,арнайы және әдепкі хирургиялық әсер ету әдістері жатады.Биопсия алу кезінде, марфологиялық зерттеу үшін, хирург өспенің, не ағзаның бір бөлігін, не ісікті түгел кесіп алады немесе ағзаға, не өспеге теріні тесу арқылы пункция жасайды.