Сократқа біреу келіп: досың жайлы не естігенімді айтайын ба?- дейді



бет2/2
Дата09.05.2022
өлшемі14,95 Kb.
#33772
1   2
Қазақстан
А. Қазақстан - Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда орналасқан мемлекет. Батысында Еділдің төменгі ағысынан, шығысында Алтай тауларына дейін 3000 километрге, солтүстіктегі Батыс Сібір жазығынан, Оңтүстіктегі Қызылқұм шөлі мен Тянь-Шань тау жүйесіне 1600 километрге созылып жатыр. Қазақстан Каспий теңізі арқылы Әзірбайжан, Иран елдеріне, Еділ өзені және Еділ-Дон каналы арқылы Азов және Қара теңіздерге шыға алады. Мұхитқа тікелей шыға алмайтын мемлекеттердің ішінде Қазақстан - ең үлкені.

Ә. Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, соның ішінде әлемдегі құрлықтағы ең ұзақ шекара солтүстігінде Ресеймен - 6467 километр құрайды. Оңтүстігінде - Түркіменстан - 380 километр, Өзбекстан - 2300 километр және Қырғызстан - 980 километр, ал шығысында - Қытаймен - 1460 километр шектеседі. Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы - 13392,6 километр. Батысты Каспий теңізімен, Оңтүстік батыста Арал теңізімен шайылады.

Б. 2016 жылдың 1 қаңтардағы санақ бойынша, елдегі тұрғындар саны - 17 670 957 адам. Бұл әлем бойынша 64-орын. Жер көлемі жағынан әлем елдерінің ішінде 9-орын алады (2 724 900 км)


  1. Мәтін қандай стильде жазылған?

А) Публицистикалық стиль

В) Көркем әдебиет стилі

С) Ресми іс-қағаздар стилі

Д) Ауызекі сөйлеу стилі

Е) Ғылыми стиль


  1. Мәтін бойынша екінші азатжолда қандай мәліметтер берілген?

А) Қазақстанның жер көлемі

В) Қазақстанмен шектесетін мемлекеттер

С) Қазақстанның халық саны мен жер көлемі

Д) Қазақстандағы өзен-көлдер

Е) Қазақстанның таулары мен жазықтары


  1. Қазақстан әлем бойынша жер көлемі жағынан нешінші орында тұрғанын қай азатжолдан білуге болады?

А) А, Ә

В) Ә, Б


С) Б, А

Д) А


Е) Б


  1. Қазақстанның қай елмен шекарасы әлемде құрлықтағы ең ұзақ шекара болып саналады?

А) Қытаймен

В) Өзбекстанмен

С) Түркіменстанмен

Д) Ресеймен

Е) Қырғыстанмен


  1. Мәтін қандай үлгіде жазылған?

А) Хабарлама

В) Мәлімдеме

С) Хат

Д) Эссе


Е) Ақпарат

3 - мәтін


Жер сілкіну, жер сілкінісі — жер асты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі.

Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды.

Сейсмикалық толқындар қума, көлденең және беттік толқындар болып үшке бөлінеді.

Сейсмикалық толқындардың таралу жылдамдығы тау жыныстарының құрамына, құрылымына және физикалық жағдайына байланысты болады.

Қума толқындардың таралу жылдамдығы 5 – 6 км/с, көлденең толқындардікі 3 – 4 км/с.

Сейсмикалық толқындар туындатушы жарылымдардың ұзындығы бірнеше км-ден (1966 жылғы Ташкент жерсілкінуінде – 8 км) жүздеген км-ге (1960 жылғы Чилидегі жерсілкіну) дейін жетеді.

Ал 1957 жылғы Гобь Алтайындағы жерсілкінуде жалпы ұзындығы 700 км-дей жарылымдар жүйесі пайда болған.

Жер қыртысында немесе мантияның жоғары бөлігіндегі тау жыныстарының лездік қозғалысқа келуінен жер асты соққысы туындаған орынды жерсілкіну ошағы, ошақтың тереңдіктегі орнын гипоцентр, Жер бетіндегі проекциясында орналасқан ауданды эпицентр деп атайды.



Қазіргі кезде адамның табиғи ортаға ауқымды әсер етуіне (кентас, мұнай, газ бен жер асты суларын көп мөлшерде алуы, ядролық жарылыстар, ірі су қоймаларын жасау, т.б.) байланысты техногендік жерсілкіну мүмкіндігі де арта түсуде.


  1. Мәтінде берілген мәліметтерді зерттейтін ғылым қалай аталады?

А) География В) Химия С) Физика D) Сейсмология E)Сейсмика


  1. Мәтіннің стилін ажыратыңыз.

A) Публицистикалық стиль. B) Көркем әдебиет стилі. C) Ғылыми стиль. D) Ауызекі сөйлеу стилі. E) Ресми ісқағаздар стилі.


  1. Мәтінде қай сөздің анықтамасын түсіндірілмеген?

A) Эпицентр B) Гипоцентр C) Жер сілкіну ошағы D) Ядролық жарылыстар E) Сейсмикалық құбылыстар


  1. Техногендік жер сілкіну мүмкіндігі көбіне ненің әсерінен туындайды?

A) Тау жыныстарының әсерінен. B) Жер қыртыстарының әсерінен. C) Адамдардың табиғи ортаға ауқымды әсерінен. D) Сейсмотолқындардың әсерінен. E) Жанартаулардың атқылауынан.
4 - мәтін
Бiр кедей күнi бойы жұмыс iстеп, қатты шаршайды. Бiр арша ағашын әрең кесiп жерге құлатқанда, жоғарғы жағынан екi жұмыртқа домалап түседi де, жарылып қалады. Бiрiншiсiнен бүркiттiң балапаны шығады да, лезде өсiп, адам бойымен бiрдей болады. Екiншi жұмыртқа жарылып, одан алтын жүзiк шығады.

Бүркiт қанатын қағып-қағып қалады да, кедейге:

- Ей, адам ұлы! Сен менi құтқардың. Мен саған мынау алтын жүзiктi сыйлаймын. Бұл – сиқырлы жүзiк. Бiрақ жүзiктен өмiрiңде бiр-ақ тiлек тiлейсiң. Тiлегiң орындалған соң жүзiгiң сиқырын жоғалтып, жәй жүзiкке айналады. Сондықтан тiлегiңдi айтпастан бұрын жақсылап ойлан. Әйтпесе кейiн өкiнiп жүресiң, -дейдi. Осыны айтып, бүркiт ұшып кетедi. Егiншi қуаныштан жүрегi жарылардай боп үйiне қайтады. Жолда зергердiң дүкенiне соғып, зергерден өз қолындағы жүзiктiң қанша тұратынын сұрайды.

Зергер: – Екi алтындай болатын шығар, – дейдi. Кедей қарқылдап күлiп жiберiп, бұл жүзiктiң сиқырлы екенiн, оған ешбiр баға жетпейтiнiн айтады. Зергер қара жүректi, арам адам едi. Ол кедейдi қоярда-қоймай қонаққа шақырады. Үйiнде ұйықтап жатқан жерiнде егiншiнiң жүзiгiн ұрлап алып, соған ұқсас жәй жүзiктi салып қояды. Келесi күнi кедей байғүс жөнiне кетедi, зергер есiк-терезесiн мықтап бекiтiп алып:

- Жүз мың алтыным болса, – деуi мұң екен, үстiне алтындар жауа бастайды. Зергер жанталасып, арлы-берлi қаша бастайды, бiрақ есiктi аша алмайды. Дүниеқоңыз зергер алтынға көмiлiп өледi, алтындарын көршiлерi бөлiсiп алады.


  1. Зергердiң кедейдi конакка шакырудағы бірінші мақсаты не ? А ) Кедейдің қарнын тойдыру

B ) Кедейдi ұйықтату

С ) Жузiктi ұрлап алу

D ) Жүз мың алтын тілеу

Е ) Сиқырлы жузiктi жай жузiкке алмастыру


  1. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз .

А ) Зергер әшекей бұйымдарды бағалай алады .

B ) Кедей шаруа егiншiлiкпен айналысатын еді .

С ) Кедей бүркітті құтқарып қалды .

D ) Сиқырлы жүзiк кедейге бұйырмады .

Е ) Зергер байқамай өзіне - өзі қастандык жасады .


  1. Мәтіннің негiзгi ойын бiлдiретiн мақал мәтелдi анықтаңыз .

А ) Күлме досқа, келер баска.

В ) Біреуге ор қазба, өзің түсесің.

С ) Ұрлық түбі - қорлық.

D ) Достың орны - төр, Дұшпанның орны - көр.

Е ) Адам болып туған соң, Адам боп өлу лазым.


  1. Жауаптарды мәтін құрылымына сай нөмірлеңіз.

1 ) Зергердiң алтын астына көміліп өлуі .

2 ) Keдeйдiң бүркітті құтқаруы .

3 ) Зергердiң жүзiктi ұрлап алуы .

4 ) Зергердiң жүзiк сырын бiлiп қоюы .

5 ) Бүркіттің кедейге сиқырлы жүзiк беруі .

A ) 1 , 2 , 3 , 4 , 5 . В) 2 , 1 , 4 , 3 , 5 . C ) 2 , 5 , 4 , 3 , 1 . D ) 2 , 5 , 3 , 4 , 1 . E ) 5 , 4 , 3 , 2 , 1 .


  1. Мәтіндегі зергер қандай адам еді?

А) Ақ жүрек, мейірбан адам

В) Қанағатшыл, көңілді адам

С) Арманшыл, көңілсіз адам

Д) Қара жүректі, арам адам

Е) Өзіне сенімді, турашыл адам
5 - мәтін
Өкінішке орай, бүгінгі уақытта жастар арасында кітап оқу әдеті дамымаған. Қазіргі жастардың проблемалардың шешімін таба алмауы және бұған қарсы шарасызкүй кешуінің себебі - кіап оқымауында. Өзі туралы бір нәрсе айта алмауының, проблемаларын басқаларға жеткізе алмауының басты себебі де кітап оқымауға келіп тіреледі. Жастардың өзінің жейтін наны секілді ең маңызды кітапты назардан тыс қалдыруы өкінішті-ақ!


  1. Мәтінде жастардың қандай мәселесіне назар аударылады?

А) Оқу-білімнің жақсы берілмеуі

В) Жеткілікті түрде кітап оқымауы

С) Айналаға немқұрайлы қарауы

Д) Проблемалардың шешілуін назарға алуы

Е) Үлкендердің кітап оқуда үлгі болмауы


  1. Мәтінде көріктеуіш құралдың қай түрі қолданылған?

А) Теңеу

В) Эпитет

С) Метафора

Д) Кейіптеу



Е) Портрет

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет