Солтүстік американдық революция XVIII ғ ақш-тың құрылуы



бет2/4
Дата18.10.2023
өлшемі1,04 Mb.
#118968
1   2   3   4
Байланысты:
2 тақырып слаид

Тәуелсіздік үшін соғыс.

  • Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысы Англиядағы үдерістердің заңды жалғасы болды. XVII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың алғашқы онжылдықтарында бірнеше парламент актілері жарық көрді. Оларда басқа теңіз державаларымен еркін сауда жасауға, отарларда өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға тыйым салынды. 1763 жылғы заң өз еркімен батысқа қоныс аударуға тыйым салды. Отарлық империяның басқару аппаратын қаржыландыру үшін 1764 жылы бірқатар тауарларға жаңа кедендік алымдар енгізілді. 1765 жылы тұрақты әскер ұстау үшін 10 мың солдатты Америкада пәтерге орналастыру қарастырылды. Ал шығындарды жабу мақсатында осы жылы гербтік салық туралы акт қабылданды. Бұл актінің парламентте қабылдануы отарларда наразылық тудырды.1770-жылдардың басында партизан соғысы өріс алды. Тәуелсіздік үшін күрескерлердің негізгі бөлігі фермерлер мен ауыл тұрғындары болды. Гербтік салық жаңа кедендік салықтармен ауыстырылды, бірақ бұл отарларға тыныштық әкелген жоқ. 1773 жылы 5 наурызда Бостонда қала тұрғындары британ солдаттарымен қақтығысып қалды. Ағылшын тауарларына бойкот тактикасы қолданыла бастады. Белсенді күрескерлердің бірі Сэмюэл Адамс үндістерше киінген отар тұрғындары тобын басқарып, 1773 жылы ағылшын шайы тиелген кеме жүгін теңізге лақтырды. Бұл оқиға Бостондағы шай ішу деген атпен тарихта қалды.Англия әкімшілік шаралар арқылы қысымды күшейте түсті. Бостон портын жауып, америкалық солтүстік-батысты өзінің Квебек провинциясына қосып алды. Бұған қарсы бой көтерулер күшейе түсті. 1774 жылы Филадельфияда тұңғыш Құрлықтық конгресс жиналды. Қабылданған «Құқықтар декларациясында» отарлардың өзін-өзі басқару құқығы туралы айтылды. Бұл әлі де тәуелсіздіктің жариялануы емес еді, ел оның табалдырығында тұрды

1774-1775 жылдар аралығындағы қыста стихиялық жағдайда отарлардың алғашқы қарулы жасақтары құрылды.1775 жылдың 19 сәуірінде Конкорд пен Лексингтон түбінде болған алғашқы шайқаста ағылшын әскерлері көп шығынға ұшырады. Көп кешікпей Бостонда 20 мың көтерілісші бостандық лагері деп аталатын лагерь құрды. Тұрақты қарулы әскер күштері ұйымдастырылып, 15 маусымда Джордж Уошингтон бас қолбасшы болып тағайындалды.1776 жылдың 4 шілдесінде Құрлықтық конгресс Тәуелсіздік Декларациясын қабылдады. Декларация 13 отардың метрополиядан бөлініп, тәуелсіз мемлекеттің құрылғанын жариялады.1775-78 жылдары соғыс қимылдары негізінен елдің солтүстігінде өріс алды. Ағылшындар төңкерістің орталығы болып саналған Жаңа Англиядағы қарсылықты жоюға ұмтылды. Бірақ көтерілісшілер құрлықта да, теңізде де едәуір жеңіске жетті. Саратога маңындағы америка әскерлерінің жеңісі (1777 ж. 17 қазан) жас республиканың халықаралық жағдайын жақсартты. 1779-81 жылдары ағылшындар соғыс қимылдарын оңтүстік штаттарда жүргізді. Оңтүстік америкалық армиясының қысымына төтеп бере алмаған ағылшындар әскерлерін портты қалаларға әкетуге мәжбүр болды. Саратога маңында 7 мыңдық ағылшын корпусының қоршауға алынып, тізе бүккені 1778 жылы америкалық дипломат Бенджамин Франклиннің Франциямен одақтық келісімге келуіне көмектесті. Келесі жылдары британдықтарға қарсы соғысқа Испания және Голландия қосылды. Англияның халықаралық оқшаулануға ұшырауы америкалықтардың жеңіске деген үмітін арттырды. Англия сонда да соғысты тоқтатқан жоқ. 1780 жылы АҚШ-ң оңтүстігінде оның әскері Чарлстонды басып алды. Оңтүстік Каролинада америкалықтар талқандалды. Ағылшындар Вирджинияға қарай жылжыды, бірақ полиция мен партизандардың күшті қарсылығына кезікті. 1781 жылдың 19 қазанында америкалықтар мен француздар Йорктаун түбінде лорд Корнуоллистің 8 мыңдық корпусын қоршауға алды. Ағылшындардың қарсылықсыз берілуі соғыстың тағдырын шешті.

  • 1774-1775 жылдар аралығындағы қыста стихиялық жағдайда отарлардың алғашқы қарулы жасақтары құрылды.1775 жылдың 19 сәуірінде Конкорд пен Лексингтон түбінде болған алғашқы шайқаста ағылшын әскерлері көп шығынға ұшырады. Көп кешікпей Бостонда 20 мың көтерілісші бостандық лагері деп аталатын лагерь құрды. Тұрақты қарулы әскер күштері ұйымдастырылып, 15 маусымда Джордж Уошингтон бас қолбасшы болып тағайындалды.1776 жылдың 4 шілдесінде Құрлықтық конгресс Тәуелсіздік Декларациясын қабылдады. Декларация 13 отардың метрополиядан бөлініп, тәуелсіз мемлекеттің құрылғанын жариялады.1775-78 жылдары соғыс қимылдары негізінен елдің солтүстігінде өріс алды. Ағылшындар төңкерістің орталығы болып саналған Жаңа Англиядағы қарсылықты жоюға ұмтылды. Бірақ көтерілісшілер құрлықта да, теңізде де едәуір жеңіске жетті. Саратога маңындағы америка әскерлерінің жеңісі (1777 ж. 17 қазан) жас республиканың халықаралық жағдайын жақсартты. 1779-81 жылдары ағылшындар соғыс қимылдарын оңтүстік штаттарда жүргізді. Оңтүстік америкалық армиясының қысымына төтеп бере алмаған ағылшындар әскерлерін портты қалаларға әкетуге мәжбүр болды. Саратога маңында 7 мыңдық ағылшын корпусының қоршауға алынып, тізе бүккені 1778 жылы америкалық дипломат Бенджамин Франклиннің Франциямен одақтық келісімге келуіне көмектесті. Келесі жылдары британдықтарға қарсы соғысқа Испания және Голландия қосылды. Англияның халықаралық оқшаулануға ұшырауы америкалықтардың жеңіске деген үмітін арттырды. Англия сонда да соғысты тоқтатқан жоқ. 1780 жылы АҚШ-ң оңтүстігінде оның әскері Чарлстонды басып алды. Оңтүстік Каролинада америкалықтар талқандалды. Ағылшындар Вирджинияға қарай жылжыды, бірақ полиция мен партизандардың күшті қарсылығына кезікті. 1781 жылдың 19 қазанында америкалықтар мен француздар Йорктаун түбінде лорд Корнуоллистің 8 мыңдық корпусын қоршауға алды. Ағылшындардың қарсылықсыз берілуі соғыстың тағдырын шешті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет